Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

Академия туралы

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

«АБАЙ АКАДЕМИЯСЫ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ

        Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылғы 3 желтосқанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты (бұдан әрі – Академия) құрылды.

        Академияның негізгі мақсаты – еліміздегі абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтарын Академияның төңірегіне топтастыру, барлық зерттеу мекемелерінің жұмысын ғылыми тұрғыдан үйлестіру.

        Академияның негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» және «Абай – рухани реформатор» бағдарламалық мақалаларына сәйкес «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі, жаңа қоғамның жанашыры», «Абай – ұлттық болмыстың үлгісі», Абай – әлемдік мәдениет тұлғасы» бағыттары бойынша талдамалық, сауалнамалық зерттеулер жүргізу.

        Академия директоры – филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Мағазбекұлы Әубәкір.

         010000, Нұр-Сұлтан қ., Пушкин көшесі, 11. Тел.: 8(7172) 70-95-00 (36111), abay175@enu.kz

        Академияның құрылымы:

        Гуманитарлық зерттеулерді үйлестіру бөлімі;

        Мәтінтану және әдеби зерттеулер бөлімі.

        Академияның ғылыми жетістіктері:

        2020 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қаржыландыруымен  Академияда 21 зерттеу еңбегі жарық көрді:

         1. Тұрсын Жұртбай. Білмей мұны жазған жоқ. 1-кітап

        «Абай академиясы» сериясының бұл басылымында Абай Құнанбайұлының Зият Шәкәрімұлы сақтаған Абайдың жинағының көшірме қолжазбасы мен Шәкәрім дәптерінен көшірілген Шериаздан мен белгісіз хаткердің қолжазбасы салыстырыла зерделеніп ұсынылады.

        2. Тұрсын Жұртбай. Білмей мұны жазған жоқ. 1-кітап

        «Абай академиясы» сериясының бұл басылымында Абай Құнанбайұлы шығармалары мен белгісіз автор көшірген қолжазба нұсқасы салыстырылып зерттеледі.

        3. Тұрсын Жұртбай. Соқтықпалы, соқпақсыз заманда өсті

        «Абай академиясы» сериясы аясында жарияланып отырған бұл басылымда жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың философиялық- публицистикалық толғауға құрылған зерттеуінде – Абай Құнанбайұлының көзқарастары, ұстанымдары мен көркемдік жүйесіне байланысты мәселелер тосын қырларынан талданып, тың тұжырымдар жасайды

        4. Тұрсын Жұртбай. Кешегі өткен би Құнанбай

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында Құнанбай Өскенбай ұлына қатысты өмір шындығы мен «Абай жолы» роман-эпопеясындағы көркем шындықтың арасы салыстырылып, ұлт руханиятындағы орны сараланады

        5. Абай және Алаш сабақтастығы

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында абайтанудың тарихи бастауында тұрған Алаш тұлғаларының мұрасы жаңаша пайымдалып, тарихи-философиялық, әдеби-лингвистикалық аспектіде зерттелінген. Ұлы ақын және ұлт зиялылары арасындағы сабақтастық тәуелсіздік талаптары тұрғысынан зерделенген

        6. Абай пәлсапасы

        «Абай Академиясы» сериясының осы басылымына хәкім Абайдың пәлсапалық ойын байыптаған пайымдаулар мен ғылыми сұхбаттар еніп отыр. Кітап екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Абай хәкімдігі қазіргі заман талғам-таразысы тұрғысынан қарастырылса, екінші тарауда ақынның қарасөзінің пәлсапалық негіздері талданып түсіндіріледі.

        7. Төлеубекова Р.К., Жұматаева Е.Ө., Сламбекова Т.С. Абайдың педагогикалық дүниетанымы

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы педагогикалық, психологиялық, тәрбие-тәлімдік мәселелер толық талданып, дәйектемеге кестелер, суреттер, матрицалар құрылып, нұсқалы тұрғыда «Адам бол», «Толық адам бол», «Қалыпты адам бол», «Кемелді адам бол» тұжырымдары ұсынылды.

        8. Серік Негимов. Абайдың көркемдік және ғылыми дүниетанымы

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында қазақ жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, хәкім, композитор, ұлт қайраткері Абайдың шығармашылық өнернамасы — көркемдік, пәлсапалық, ғылыми дүниетанымы тарихи-филологиялық тұрғыдан сараланып зерделенеді

        9. Тұрсын Жұртбай. Ол боламын демеңдер

        «Абай академиясы» сериясының бұл басылымында бүгінгі таңда абайтану іліміне қатысты ең өзекті мәселелер көтерілген. Абайдың өлеңдері текстологиялық-мәтіндік тұрғыдан талданып, ғылыми пайымдаулар жасалған

        10. Құнанбай Өскенбаев ісі. Дерекнамалық зерттеу

        «Абай академиясы» сериясының  бұл басылымынаұлы ақын Абайдың Абайдың  әкесі, өз заманының дара,  қайраткер  тұлғасы Құнанбай Өскенбайұлы  ғұмырнамасының «тар жол, тайғақ кешу» кезеңіне қатысты Омбы облысының (Ресей Федерациясы) мемлекеттік архивінде сақталған тарихи деректер топтастырылған. Архив құжаттары хрестоматиялық үлгіде ұсынылады.

        11. Бес асыл іс. Балаларға арналған жинақ

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алған бес асыл іс туралы ойы талданып, балалар ұғымына сай түсіндірілген

        12. Ерлан Сыдықов  Абайдың ғұмырнамасы. 1-кітап

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында архив қорларында сақталған  Абай Құнанбайұлының ғұмырнамасына қатысты ақын замандастарының, ұрпақтарының ғылыми-танымдық естеліктері жарияланған

        13. Ерлан Сыдықов. Абайдың ғұмырнамасы. 2-кітап

        «Абай академиясы» сериясының  осы басылымында  Абайдың ғұмырнамасына қатысты зерттеуші ғалымдардың академиялық зерттеулері, абайтанушылардың ғылыми-танымдық еңбектері мен мақалалары жинақталған

        14. Абай және қазақ социумы. Т.1

        «Абай академиясы» сериясының  осы басылымында  Абай тұлғасы  замана кеңістігі мен мәдени-рухани дәстүр жалғастығы аясында зерделенеді және  кемеңгер ойшыл, философ ақын болмысы жаңа қырынан танылады

        15. Абай және қазақ социумы. Т.2

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымы Абай өмір сүрген қоғамның шындығын  танытуға бағытталған зерттеулерден тұрады. Абайдың ел басқару ісі, қоғамдағы билік өкілі ретіндегі қызметі туралы танымдық пайымдаулар, ұлт тарихындағы ұлы ойшылдар үндестігі айқындалады

        16. Абай және қазақ социумы. Т.3

        Абай академиясы» сериясының осы басылымында Абай мұрасын әдеби, тілдік, философиялық аспектіде қарастырған мақалалар жинақталған

        17. Абай және қазақ социумы. Т.4

        Абай академиясы» сериясының осы басылымында Абайдың философиялық және поэтикалық танымы, көркемдік дәстүрдің маңызды мәселелері туралы және Абайдың әлемдік тұлға ретіндегі болмысын зерделеуге арналған талдаулар мен тұжырымдар түзілген

        18. Шәкір Ибраев. Абай феномені

        «Абай академиясы» сериясының  осы басылымында Абайдың ақындық тұлғасы және шығармашылығы әлемдік әдебиеттану ғылымының заманауи жетістіктері тұрғысынан талданады

        19. Сұлтан Ыбырай. Жарым адамнан – толық адамға

        «Абай академиясы» сериясының  осы басылымында  Абай Құнанбайұлының «38 қара сөз» – «Ғақлиат тасдиқат» – «Кітаб тасдиқ» мұрасы Мүрсейіт көшірген нұсқасымен салыстырылып, бүгінгі қазақ тіліне лайықталып қайта жазылып шыққан

        20. Сейіт Қасқабасов. Абайға дейінгі және Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті

        «Абай академиясы» сериясының осы басылымында көрнекті ғалым, қазақ фольклоры мен әдебиетінің белгілі зерттеушісі академик С.А. Қасқабсовтың Абай Құнанбайұлына дейінгі, оның өзінің және одан кейінгі қазақ әдебиеті мен фольклорына байланысты әр жылдары қазақ және орыс тілдерінеде жарық көрген мақалаларында айтылған ойлары, толғамдары мен тұжырымдары қамтылған

        21. Абай және Алаш. Абайтанудың кейбір мәселелері.

        Еңбекке ХХ ғасыр басындағы қазақ оқығандарының қоғамдық-мәдени қызметіне негіз болған. Қазақтың жан-жақты, білімді азаматтары Абай Құнанбайұлының тұлғасын көтеріп, оның шығармашылығына зор ғылыми баға берген. осы мәселе бүге-шүгесіне дейін талданып, сараланған. Зерттеу еңбегінің тілі жеңіл, оқиғалары деректі.

        Жоғарыдағы кітаптардың мазмұнымен осы кешеннің «Онлайн-кітапхана» бөлімінде толық таныса аласыздар.

        Сондай-ақ Академия мемлекеттік тапсырма негізінде «Абай мұрасы» республикалық конференциясын өткізіді, «Абай» интерактивті кешенін әзірлеп, іске қосты (https://abaiqunanbaiuly.kz/).

        Аталған жұмыстардары орындау үшін еліміздегі абайтанумен айналысатын бірнеше ғылыми-зерттеу орталықтары, жетекші абайтанушы ғалымдар, үздік әдіскер оқытушылар тартылады деп күтілуде.

        Бұл шаралар еліміздегі Абай орталықтарының қызметін үйлестіру мен олардың жұмыстарының маңыздылығын арттыруға бағытталған.