Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ФЗУЛИ, ШӘМСИ, СӘЙХАЛИ»

«ФЗУЛИ, ШӘМСИ, СӘЙХАЛИ»

Абайдың шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен тереңірек танысқанын көрсететін, оларды «ақындық жолдағы жебеушім» деп танып, медет тілеген ниетте жазылған өлеңі.

Қашан жазылды?

1 шумақ өлеңді Абай 1858 жылы жасөспірім шағында жазған.

Қайда жазылды?

Өлеңді шәкірт Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқып жүріп жазған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең де бірінші рет 1933 жылғы толық жинақта (Абай Құнанбайұлы Толық жинақ. – Қызылорда, 1933, 71-бет) басылған.

Өлең не жайында?

Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, 13 жастағы жасөспірім Абай Семейдегі Ахмет-Риза медресесінде оқып жүргенде жазған. Өзіне үлгі еткен атақты ақындардың аттарын атап: «Мәдәт бер я шағири фәрияд» деп сыйынып, «мәдәт» тілейді.

Қай жанрда жазылды?

Өлеңнің көлемі 4 төрт тарамақтан тұратын 1 шумақты құрайды.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз – бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири1 фәрияд2.

1Шағири (арабша) – ақын.

2Фәрияд (парсыша) – теңдесі жоқ, асыл.