Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«НҰРЛЫ АСПАНҒА ТЫРЫСЫП ӨСКЕНСІҢ СЕН»

«НҰРЛЫ АСПАНҒА ТЫРЫСЫП ӨСКЕНСІҢ СЕН»

(М.Ю.Лермонтовтан)

1899

Абайдың М.Ю.Лермонтовтан аударған туындысы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді аударған уақыты басылымдарда 1899 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 3-шумақтың 3-жолы «Дәні толық, басы ауыр егіндей-ақ» делінсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылымға сәйкес «Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ» болып берілген.

Өлең не жайында?

Тіршілік атаулының кун нурына умтылып, есу, толысу, қулдырау, қуру көзеңін бастан кешіретіні секілді, адам ғумырының да алаңсыз гулдеп-көктеп жайқалар шағын, еш пендені менсінбес кердең көңілдің, ақыл-парасат толыса дәні толған масақтай иілімпаз келетінін, алайда «әсте өлмесін білгендей қылық қылған «пенденің» өлмек ушінтуғанын»: «Адамзат — бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ. Ертең өзің қайдасың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ» деп еске салады. Тумақ бар жерде өлмек бар екенін сөзген пенде, өзінен кейінгіге мұра боларлық іс қалдырғанда ғана ғүмырын үзартпақ дегенді меңзейді.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең үлгісімен жазылған.

Қай тілдерге аударылды?

Мысал орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен. Сондай-ақ Абай аудармасы ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, үйғыр тілдеріне аударылған.

Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,
Жазғытүрым жасырып жердің бетін,
Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.

Сонан бері рахымсыз көп жыл өтті,
Орақ келер, орылар мезгіл жетті.
Жылы менен суықтың бәрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті.

Ауыр ойды көтеріп ауырған жан,
Қайғы, қасірет жүзіңе белгі салған.
Дәні толық, басы үлкен егіндей-ақ
Сенің де басың имек жерге таман.

Өлейін деп өлмейді өлерлік жан,
Әсте өлмесін білгендей қылық қылған.
Ажал келіп бас салса, жанды үрласа,
Өмір қайда, сен қайда, соны да ойлан.

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,
Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.
Ертең өзің қайдасың, білемісің,
Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.