Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ӘНШІЛЕР»

«ӘНШІЛЕР»

(И.А.Крыловтан)

1898

Абайдың И.А.Крыловтың «Музыканты» өлеңінен аударған туындысы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді И.А.Крыловтан аударған уақыты басылымдарда 1898 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Туынды алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының елеңі» жинағында жарияланды. Аудармада аздаған  тектологиялық өзгерістер кездеседі.

Өлең не жайында?

Өлеңде «есті ән мен есер әнді» ажырата алмайтын, мазаны кетірер, құлақты тесер даңғазаны да ән деп білетін, оны мастардың айқай-шуынан жақсы ғой деп, өзін-өзі жұбататын «ән сүйгіштер» сықаққа алынған.

Қай жанрда жазылды?

Аудармада 22 жолдық түпнұсқа мазмұны толық сақталған. Абай оны 7-8 буынды шалыс ұйқаспен өрнектеген.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Көршіні көрші шақырды,
Болды да сыйлап ас бермек.
Қулығын ішке жасырды:
Баланың әнін есіттірмек.

Балалар шулап, бақырды,
Ынтасы – даусын білдірмек.
Қонақтың күйін қашырды,
Басты ауыртты көп дүрмек.

Алды-алдына кетеді,
Қосылмайды әндері.
Құлағынан өтеді
Құр айғай салған сәндері.

– Япырмай, көрші-ай, не қылды?
Бас ауырды, қаңғырды.
Құлағын басып жалынды,
Қойғыза көр деп құрғырды.

Тым-ақ даусы күшті екен,
Бекер де емес сенікі.
Сүйтсе де арақ ішпеген
Есті ұлдар ғой менікі.

Есі шықпай мұнан да ішкен артық,
Қисыны жоқ қышқырған не еткен тантық!