Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚАРҒА МЕН БҮРКІТ»

«ҚАРҒА МЕН БҮРКІТ»

(И.А.Крыловтан)

1898

Абайдың И.А.Крыловтың «Вороненок» өлеңінен тәржімелеген туындысы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді И.А.Крыловтан аударған уақыты басылымдарда 1898 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Туынды алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының елеңі» жинағында жарияланды. Аударма тектологиялық өзгерістерге ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Мысалда қарға сияқты шамасын білмей пәлеге шатылатындар, «әлін білмес әлектер» әшкереленген.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 6-8буынды аралас ұйқас үлгісімен кестеленген, көлемі 41 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Қой жайылып жаздыгүн
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
«Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға», —

Деді-дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей-ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
¥стап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.
¥шпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!