Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЕМЕН МЕН ШІЛІК»

«ЕМЕН МЕН ШІЛІК»

(И.А.Крыловтан)

1898

Абайдың И.А.Крыловтың «Дуб и трость» өлеңінен тәржімелеген өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді И.А.Крыловтан аударған уақыты басылымдарда 1898 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларыңда, 1909, 1957 жылғы басылымдарда өлеңнің 1-шумағының 2- жолы «Аллаға, неден жаздың, сорлы?» — делініп, ал 1945 жылғы басылымда «Аллаға неден сорлы жаздың?», 1933, 1977 жылғы басылымдарда «Аллаға, сорлы неден жаздың?» болып берілген.

Өлең не жайында?

Ешнәрсенің байыбына бармай, орынсыз мақтанып есіріп жүргенде қалай мерт болғанын білмей қалатын алаңғасарлар емен бейнесімен сықақталса, тіршілік талаптарының ыңғайына кене қоятын, өмірге бейім адамдар басы жерге тигенше иілсе де сынбай аман қалатын солқылдақ шілік бейнесінде мадақталған.

Қай жанрда жазылды?

Мысал 11 буыңды қара өлең (-а, -а, -б, -а) ұйқасымен жазылған. Орыс ақыныңда 38 жолдан, Абайда 34 жолдан тұрады. Аудармада түпнұсқа мазмұны толық сақталған.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Шілік пен емен бір күн сөйлесіпті:
— Аллаға, сорлы, неден жаздың?- депті.
Торғайға да майысып солқылдайсың,
Жел бүлк етсе, тебесің әлпеншекті.
Құдай басқа салмасын сен секілді
Желмен жерге жығылып, жар сүзбекті.
Обалың бір құдайға, байғұс, сенің,
Қақтырып қойған мұнша бос селтекті.
Қарашы маған, сендей сорлы емеспін,
Тау, жартасқа, ұзарып, бой теңестім.
Сенің қорыққан дауылың – маған өлкек
Маңыма сәуле өткізбей, күнге егестім.
Тырп етпес менің күшім жауын, желге,
Жапырағым көлеңке талай жерге.
Ығыма сені де алып қорғар едім,
Иең сені бітірген йен дөңге.
— Есіркегіш екенсің, — деді шілік, —
Онша сорлы емеспін, тартпа күйік!
Сынбаймын майыссам да, солқылдаймын,
Желден маған келмейді еш кемшілік.
Бүгінгі аман бола ма үнемі аман?
Кердеңдікпен деп тұрсың не бар маған.
Шалқақтық иілмейтін кімге жаққан,
Екпінге ерегіссең, қатер саған.
Кавказға бір қап-қара бұлыт мінді,
Естіп тұрған кісідей тау күңіренді.
Жер-дүниені шаң, тұман қабат басып,
Ойнақ қағып, құтырып дауыл келді.
Арты бұршақ, алды шаң жел құтырды,
Шілік жерге бас ұрды, емен тұрды.
Басы көкке, сирағы жерге енсе де,
Ақырып долданғанда алып ұрды.
Майысқаннан шіліктің несі кетті,
Батыр, мақтан күйлеме сен де о ғұрлы.