Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ОЙҒА ТҮСТІМ, ТОЛҒАНДЫМ»

«ОЙҒА ТҮСТІМ, ТОЛҒАНДЫМ»

Абайдың өзі өмір сүрген дәуір сырына терең үңіліп, жүріп өткен жолына ойлана қараған, кемелденген шағында туған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасының жазылған жылы белгісіз. Өлеңнің мазмұнына қарағанда, ақын өмірінің соңғы жыларына жазылған тәрізді.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Жұмағазы Кенжебаевтың айтуы бойынша Бәткен деген жас ақын жазып алған. 1944 жылы Қ.Мүқаметханов Қазақ ССР ҒА-на тапсырған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

Өлең не жайында?

Халық мойнындағы қараңғылықтың қат-қабат қамыты, арқасындағы зілбатпан ауыр тұрмыстың жүгі, одан құтылар жолдың жоқтығы Абай өлеңінің негізгі арқауы болған. Ақын туған елін жан дүниесімен сүйгендіктен де сол азаптан құтқаратын сәулені іздейді. Ел арасындағы тартыс пен таластың шоғын үрлеп жүрген сол қоғамның «белсенді» мүшелерін аяусыз сынайды. Мінезіңнен де, атқарған қызметіңнен де халық сыйлар қасиет табылмайды. Білімдімін, пысықпын деп жанталасқаның жалқы басыңның қамы ғана. Сен соның жолында ар-ұяттан да айрылдың, адамдық парызыңды да ұмыттың, жүрегіңде тірі пенде сүйсінер тазалық жоқ деп олардың бар болмысын баян етеді. Көңіліңде ізгіліктің жылуы болса өз өміріңе, іс-харекетіңе зер сала бір қарашы, тоқтау табар ма екенсің деп ой түйеді».

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7, 8 буынды жыр үлгісінде жазылған. Әрқайсысы 8 тармақты 4 шумақтан турады.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Өзіме өзім жақпадым,
Енді қайда сыя алдым?
Қалап алған көп мінез,
Қалайша қылып тыя алдым?

Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес.
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес.
Аршып алып тастауға,
Апандағы саз емес.
Бәрі болды өзімнен,
Тәңірім салған наз емес.

Осынша ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін.
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұшыппын;
«Сіз білесіз» дегенге
Күнге күйіп, пісігшін;
Мақтанбасқа мақтанып,
Деп жүріппін «пысықпын».