Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖАЛЫН МЕН ОТТАН ЖАРАЛЫП»

«ЖАЛЫН МЕН ОТТАН ЖАРАЛЫП»

Абайдың қайтыс болардан бір жыл бұрын жазған терең сырлы, көркем лирикалық өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1903 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғлының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер ұшырасады.

Өлең не жайында?

Өлеңде табиғат кереметінің дүниені түрлентіп жіберетінін күнде көріп жүрген пенденің өз бойындағы кереметті мойындауға, оны түсінуге соншалықты енжар, санасы жетпес самарқау екенін ақын қынжыла жазады. Жай оғындай нұрлы сөзден сескенер жанның мүлде аз екеніне, жан-дүниені түлеткен табиғат құдіреті секілді адам жүрегіне сәуле құйып, жан бітірер шын поэзия тілін ұғынар пенденің жоқтығына налиды.

Қай жанрда жазылды?

Философиялық толғау санатына жататын бұл өлең шалыс ұйқас үлгісімен жазылған, көлемі 20 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Жалын мен оттан жаралып,
Жарқылдап Рағит жайды айдар.
Жаңбыры жерге таралып,
Жасарып шығып гүл жайнар.

Жайына біреу келсе кез,
Белгілі жұмыс, сор қайнар.
Қуаты күшті нұрлы сөз,
Қуатын білген абайлар.

Жалын мен оттан жаралған
Сөзді қғатын қайсың бар?
Партия жиып пара алған,
Пейілі кедей байсыңдар.
Қулық пенен құбылдан
Жалықсаң, жақсы жансыңдар.
Түзелмесе шұғылдан,
Арсылдар да қалшылдар.
Несі өмір,
Несі жұрт?
Өңшең қырт,
Бас қаңғырт!