Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖҮРЕК – ТЕҢІЗ, ҚЫЗЫҚТЫҢ БӘРІ – АСЫЛ ТАС»

«ЖҮРЕК – ТЕҢІЗ, ҚЫЗЫҚТЫҢ БӘРІ – АСЫЛ ТАС»

Абайдың жүрек туралы философиялық ой толғап, жазған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1902 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғлының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгерістер бар. 1909,1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 2-шумақтың З-жолы «Ар мен ұят сенбесе, өзге қылық» деп берілсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол Мүрсейіттің 1905, 1907 жылғы қолжазбалары негізінде «Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық» деп алынған.

Өлең не жайында?

Ұлы ақын қызықта, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. Әсіресе «жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу таста, меруерт те – бәрі сонда. Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың асылы, қасиеттінің қасиеттісі. Жалыны оттай жайнаған достық та, амал-айласы бұқпантайлап жасырынған қастық та бір ғана жүректің әмірімен болмақ. Жүрек – адам мүшесінің патшасы, ол – шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Соңдықтан жүрекке шын берілген көңіл, шынайы достық, айнымас махаббат, нәзік сөзім, сүттей ұйыған ауыз бірлік, ағайын арасының балдай татулығы қажет. Жүрек – тау бұлағыңдай таза, аспан жұлдызындай мөлдір. Бір сөзбен айтқанда, жүрек дегеніміз шындықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл.

Қай жанрда жазылды?

Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.

Достық, қастық, бар қызық жүрек ісі,
Ар, ұяттың бір ақыл күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын бұл күннің мәртебесі.

Қартаң тартқан адамнан от азаймақ,
От азайса, әр істің бәрі тайғақ.
Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып,
Жолың тайғақ, аяғың тартар маймақ.