Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«БУЫНСЫЗ ТІЛІҢ»

«БУЫНСЫЗ ТІЛІҢ»

Абайдың достық тақырыбына арналған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1901 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Шығарма текстологиялық өзгерістерге ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Өлеңде айтқанды түсінетін, жұрт пікіріне құлақ асатын, елдің қисық-қыңыр тезге салатын, кеңілі жүйрік, ойы сергек, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, «ойы мен тілі бөлінбес» шын дос туралы жырланады.

Қай жанрда жазылды?

Шумақтар тепе-тең екі бөлікке бөлінеді, олар өзара синтаксистік параллельдер құрайды. Үш тармақтан бір сөйлем жасалып, әр бөлік бір-бірімен мағыналық жағынан байланысады. Ұйқасы -а, -а, -ә, -в, -в, -ә түрінде өрнектелген. Әрқайсысы 6 тармақты 2 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, орыс, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз, татар, араб тілдеріне аударылған.

Буынсыз тілің,
Буулы сөзің
Әсерлі адам ұғылына.
Кісінің сөзін ұққыш-ақ өзің,
Қисығын түзеп тұғырыға.

Сезімпаз көңіл Жылы жүрек
Таппадым деп түңілмес.
Бір тәуір дос Тым-ақ керек,
Ойы мен тілі бөлінбес.