Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚУАНБАҢДАР ЖАСТЫҚҚА»

«ҚУАНБАҢДАР ЖАСТЫҚҚА»

Абайдың жастарға ғибрат айтуға бағытталған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1901 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің әр жылдардағы басылымдарында бірен-саран айырмашылықтар бар. 1954 жылғы жинақта өлеңнің 2-жолы «Өлерме күлкі, мастыққа» делінеді, ал басқа жинақтарда бұл жол «Елірме…» деп басталады. 1939, 1945, 1954, 1986 жылғы басылымдарда 17-жол «Арсыз-құмар болғандар» болып, ал өзге жинақтарда «Арыз құмар болғандар» түрінде берілген. Сондай-ақ, 14-жол 1939, 1945 жылғы жинақтарда «Қорлық жуымас сақтыққа» делінсе, кейінгі басылымдарда 1909 ж. жинақ пен Мүрсейіт қолжазбаларына сәйкес «Қорлық жүрмес сақтыққа» деп түзетілген.

Өлең не жайында?

Өленде ақын шығармашылығына тән адамгершілік, имандылық, сабырлылық пен кемелді ой мәселелері сөз болады. Ақынның бұл өлеңінде астарлы мысқылмен қатар өнегелі ғибрат, ақыл-кеңес мол. Арзан күлкі мен пәтуасыз бос сөзге ермей, шын байлықты бағалай білудің қажеттігі алға тартылады. Маңдай теріңді төгіп тапқан тиыныңды «сал да сақта қап- шыққа» дей отырып, «сақтықта қорлық жоқ» деген халық қағидасын уағыздайды.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7, 8 буынды жүйеде жазылған, көлемі 20 жол

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, башқүрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, украин, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Қуанбаңдар жастыққа,
Елірме күлкі, мастыққа.
Көзің қайдан жетеді
Достық пенен қастыққа?
Құрбыңның қызық дегенін
Сөз екен деп ап шықпа.
Адалдан тапқан тыйынды
Сал да сақта қапшыққа.
Қолдағынды қорғап бақ,
Мал арзан деп аптықпа.
Сыпайы жүр де, шаруа ойла,

Даңғойланып қақтықпа.
Бет алды жанға бой салма,
Қорлық жүрмес сақтыққа.
Елу бесте біз дағы
Сенісер адам таптық па?
Арсыз құмар болғандар
Опыр-топыр, шақ-шұққа
Түспей жүр ме, көрдің бе,
Жалаң-жүлаң, тақ-тұққа?