Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«СҮЙСІНЕ АЛМАДЫМ, СҮЙМЕДІМ»

«СҮЙСІНЕ АЛМАДЫМ, СҮЙМЕДІМ»

Абайдың махаббат деген көшпелі алтынның сынаптай сырғып, аңғартпай өтіп кеткен соң «аһ» ұрғызатын киелі қасиетін өлеңге арқау етіп алған туындысы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1899 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағында жарияланған. Басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді.

Өлең не жайында?

Махаббаттың зары, өкініші, оның біреуде ерте, біреуде кеш оянуы, жүректе іңкәрлік, ынтықтық сезімін қалдыруы. Ақын махаббатсыз бақыт, мұнардан жол таба алмаған мұңын шертеді.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7-8 буынды шалыс ұйқас үлгісімен жазылған, көлемі 4 жол. 

Қай тілдерге аударылды?

Өлең қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, турік- мен, үйғыр тілдеріне аударылған.

Сүйсіне алмадым, сүймедім,
Сүйегім жасып, сор қалың.
Сүйісіп саған тимедім,
Бола алмадым сенің жарың.