Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«БАЙМАҒАМБЕТКЕ ҚАТЫНЫНЫҢ АТЫНАН ШЫҒАРЫЛҒАН»

«БАЙМАҒАМБЕТКЕ ҚАТЫНЫНЫҢ АТЫНАН ШЫҒАРЫЛҒАН»

Абайдың сенімді серігі, досы сөзге шебер ертегіші, әңгімеші Баймағамбеттің әйеліне арнап қалжың-сықақ сипатында жазылған әзіл өлеңі.

Қашан жазылды?

Тәлім-тәрбиелік мәні ерекше сипаттағы өлеңін Абай 1893 жылы 47 жасында жазған.

Қайда жазылды?

8 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

«Ажының жақсы қызы едім» деп басталатын екі ауыз өлең ең алғаш  рет 1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан шыққан Абай шығармаларының толық жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Ақын қоғам өмірінің қат-қабат күрделі ағысымен қатар күнделікті тұрмыста болып жатқан қарапайым дегізерлік жәйттерге сергек сезім, сын көзімен қарайды. Жасынан бойға біткен әдетімен жанында жүрген жақындары, ағайын-тысқандары, таныстарының бойындағы мінез-құлықты уытты тілімен, әдемі әзілімен түйреп отырады. Сықықтап-ажуалайды, сынап-мінейді. Біреудің бойындағы алуан-алуан әпенділікті қалжың ғып жазып өз қолдарына ұстатады. Олардың көбі Абай мінегін өлеңнен тезірек құтылуға ұмтылған. Сөзге жүйрік ертегіші, ойы зерек әңгімеші Баймағамбет Мырзаханұлы (1865-1925) – Абайдың есті сөздері, өлеңдерінің елі ішіне кеңінен таралуына еңбек сіңірген сенімді серігі, жақын досы. Ақын «Қара қатын дегенге қара қатын» өлеңін Баймағамбеттің әйеліне әзілдеп айтқан.Ал «Ажының жақсы-ақ қызы едім» өлеңі Баймағамбеттің алты ай жаз әйелінің қасына бір жатпай тентіреуімен ел кезіп кете берген желікпелігін мінеп, соның әйелінің атынан қалжыңдап жазған өлеңі. «Жынды сары жоғалды Ойбайлаған болайын-ай, Жоқтамасам, обал-ды» деген зілсіз сөз нақышына ерін сыйлаған қазақ әйелінің әдептен аспаған жан жылуын, мейірім шуағын дарытады [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.194]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең сатиралық жанрда жазылған. Бір тармақты сегіз жол өлең шалыс ұйқаспен жазылған. Өлеңнің 2, 4, 6, 8 жолдарының үйлесуі бір әуенді етіп алынған. Өлең түрі Абай поэзиясынада өте аз ұшырасады. Қалжың-сықаққа құралған шығармаларында ғана кездеседі.

Қай тілдерге аударылды?

Ажынның жақсы-ақ қызы едім,

Жетістірем деп алды.

Тілеуін түзден тілесе,

Баста мені неге алды?

Сол желікеннен желігіп,

Жынды сары жоғалды.

Ойбайлаған болайын-ай,

Жоқтамасам, обалды-ды.