Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ, ҚАЙДАСЫҢ»

«ЖАСТЫҚТЫҢ ОТЫ, ҚАЙДАСЫҢ»

Абайдың жастық, махаббат тақырыбындағы сыршыл лирикасы, толғанысы.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1939 жылғы жинақта жарияланған (1-том, 115-бет). Туындының басылымдарында текстологиялық өзгерістер ұшырасады.

Өлең не жайында?

Ақын бұл өлеңінде де отты, тегеуірінді жастық шақ тақырыбына қайта оралады.

Қай жанрда жазылды?

Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, орыс, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай?

Ғылымның біліп пайдасын,

Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын,

Кісілікті ойламай.

Қаруын көңіл сайласын,

Қолға ол түспес бойламай.

Махаббат, қызық кім көрер,

Оның да дәмін татпаса?

Біржола басты кім берер,

Жаныңа қайғы батпаса.

Аямай жанын дос ерер,

Жолдастықты ақтаса.

Алдыңа айдап кім келер,

Ерінбей жүріп бақпаса.

Мал бақпақтық шаруа боп,

Адал тауып асықпай.

Құр айғаймен әуре боп,

Өнердің жайын баса ұқпай.

Енді нені істейміз,

Бәрінен де бос қалдық?

«Ауызға келіп түс» дейміз,

Қылып жүріп құр салдық!