Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚОР БОЛДЫ ЖАНЫМ»

«ҚОР БОЛДЫ ЖАНЫМ»

Абайдың лирикаға тән ішкі динамика, ой терендігі, сөзім мелдірлігі айқын көрінетін өлеңі.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлең алғаш рет 1909 ж.Санкт-Петербургтежарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды (4-бөлік. Ғашықтық туралы, 43-бет). Кейінгі басылымдарда осы нұсқа бойынша берілген. Оларда елеулі текстологиялық алшақтық көздеспейді. «Барса ғашық маңына» деген Мүрсейіт қолжазбасындағы шумақтың 4-жолы 1909 ж. Жинақта «Ғашығымның жанына» болып берілген. Негізгі академиялық  басылымдарда соңғы нусқа басшылыққа алынған.

Өлең не жайында?

Ақын бұл өлеңінде сүйген жарына қолын жеткізе алмаған, махаббат азабын тартып, жүдеген жанның кейпін сомдайды. «Сен мені не етесің?» өлеңімен мазмұндастық, ойсабақтастығы сезіледі. Оқырман лирикалық қаһарманның жүрегін жаралап, жігерін жасытқан ыстық сағынышқа шүбәсіз иланады. Оның кейіпкері ғашығының бірауыз сөзіне зар болып, қаншалықты қамықса да егілмейді, үмітін үзбейді. Ақын өлеңдерінен аракідік көздесіп қалатын тағдырға мойынұсынушылықтың, жақсы-жаман атаулыны тағдырдың ісі деп санаушылықтың да нышаны байқалады.

Қай жанрда жазылды?

Әрқайсысы 6 тармақты 4 шумақтан тұрады, көлөмі 24 жол.Өлеңнің сыртқы пішінінде жаңалық бар. Оның шумақ, буын, үйқас өрнектері қазақ өлеңінің дәстүрлі үлгілерімен үйлеспейді. Шумақтардың алгашқы 4 жолы шалыс (-а, -б, -а, -б) ұйқасады да, негізгі ойдың түйіні өзара ұйқасқан соңғы 2 тармақта беріледі. Өр тармақтағы буын сандары да әр қилы: тармақ бойынша алғанда ол 5/7, 5/7, 6/6 түрінде аралас буын болып келеді.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең өзбек, қырғыз, орыс, тәжік, турікмен, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Қор болды жаным,

Сенсізде менің күнім,

Бек бітті халім,

Тағдырдан келген зұлым.

Тағдыр етсе алла,

Не көрмейді пәндә?

Сайрай бер, тілім,

Сарғайған соң бұл дерттен.

Бүгілді белім,

Жар тайған соң әр серттен.

Қамырықты көңіл,

Қайтсе болар жеңіл?

Сағындым сені,

Көрмедім деп көп заман.

Адам деп мені,

Салмадың сен хат маған.

Жай таба алмай жүрек,

Жасыған соң сүйек.

Бұл қылған зарым

Барса жардың маңына,

Ол – қылған дәрім

Ғашығымның жанына.

Оңалдырып ойды,

Түзетпей ме бойды?