Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«КӨКБАЙҒА»

«КӨКБАЙҒА»

Абайдың ұзақ жылдар бойы жұбын жазбай, жанында жүрген досы, замандасы, ақын Көкбай Жанатайұлына (1864-1927) арнап жазған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңі 1888 жылы жазылған. Өлеңнің жазылу тарихы туралы Көкбай Жанатайұлы өзінің естелік әңгімесінде (1924) баяндайды.

Қайда жазылды?

8 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілген. Өлеңді Көкбайдың өзі айтып берген. Кейінгі басылымдарда ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Абай шығармаларының кәусар бұлағынан еркін сусындаған Көкбай ақын өз естелігінде: «Бойын бағып, қымтырылып, пәлен көрінем, түген көрінем деп қолдан пішін жасайтын мінезді көре бастаса, қытығына тигендей жақтырмай қалатын. Ондайды кекетіп, мысқыл қылып, қалжыңмен өлең айтып жіберетін» деп жазады да, өзінің жол үстінде аңдаусызда көрсеткен сәл қисынсыз қылығы үшін осы өлеңмен қалай сазайын тартқанын еске түсіреді. Абай өнері, ойы өзімен үндестік тауып, көңілі жарасқан жолдасының жастыққа тән болмашы оғаш мінездерін ұнатпай, оны әрі өрістеткісі келмей, табан астында кесіп тастаған. Ол Көкбайдың орынсыз сәнқойлығын, келісе бермейтін кербездігін сынайды. Бірақ әңгімені ашық айтады да, зілсіз, кексіз көңілмен «Жақпайды маған сол жерің» деп достыққа тән жанашырлығын білдіреді.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 5-8 буынды белгілі «сегіз аяқ» ұйқасымен жазылған, көлемі 8 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Бұралып тұрып,

Буыны құрып,

Қисайта тартып мұрынын;

Әсемсіп, сәнсіп,

Білгенсіп, бәлсіп,

Әр нәрсенің орынын.

Керенау, кердең, бір керім,

Жақпайды маған сол жерің.