Абайдың Тобықты ішіндегі Қанай руының Назар дейтін ақсақалы бір жылқының құнын сұрап алдына келіп отырғанда ауызша шығарған өлеңі.
Қашан жазылды?
Өлеңді ақын 1887 жылы ауызша шығарған. Өлеңді және бұл өлеңнің тарихын айтып берген кісі – Көкбай Жанатайұлы.
Қайда жазылды?
1 шумақ өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында шығарылған.
Қайда жарияланды?
Бұл өлең тұңғыш рет 1933 жылғы «Толық жинақта» басылған (101-бет). Ешқандай текстологиялық өзгерістерге ұшырамаған.
Өлең не жайында?
Тобықтының Қанай руынан шыққан Назар деген кісі жерін жалға беріп, ақысына соғым алады екен. Бір жылы Абай аулының малын да жайылымға жіберген. Ақысын сұрай келген Назарға ақын бір ауыз сөзбен жауап берген. Абай жауабында жеңіл мысқыл бар.
Қай жанрда жазылды?
Өлең 7-9 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, 4 тармақты 1 шумақты құрайды.
Қай тілдерге аударылды?
Өлең орыс тіліне аударылған.
Мынау келген Назар ма?
Ақсақалды ауыл азар ма?
Сұрағаның бір-ақ тай,
Бермейді деп сазарма!