Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҒАШЫҚТЫҚ ІЗДЕП ТАНТЫМА»

«ҒАШЫҚТЫҚ ІЗДЕП ТАНТЫМА»

(М.Ю.Лермонтовтан)

1896

Абайдың ғашықтық, қуаныш, қайғы, өткінші өмір сырларын кестелі тілмен айшықтап, М.Ю.Лермонтовтан жасаған аудармасы.

Қашан жазылды?

Философиялық мазмұндағы «Ғашықтық іздеп тантыма» аудармасын Абай 1896 жылы 51 жасында жазған.

Қайда жарияланды?

Аударма өлең алғаш рет Абайдың 1933 жылғы жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Абай қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін, төл топырақта туған түркі даналарының мұрасын, сондай-ақ Шығыс пен Батыс ғұламаларының еңбегін көп оқып, тоқығаны белгілі. Соның ішінде орыстың ұлы ақыны Лермонтовтың туындылары Абайдың кемелденуіне үлкен ықпал еткен. Ақын ең көп аударманы Лермонтовтан жасағаны мәлім. «Ғашықтық іздеп тантыма» шығармасы орыс ақынының «И скучно, и грусно» деген өлеңінен жасалған аударма екен. Алайда Абай түпнұсқаны түгел тәржімаламай, оның екінші шумағын ғана аударған.

Лермонтовта «на время любить» деген тіркесті Абай «уақытша махаббатқа берілуге» деп емес, «аз күнге ғашықтық іздеуге» деп аударған. Яғни ақын осымен, ғашықтық – уақытша өтпелі сезім екендігін білдірген. Лирикалық кейіпкер өткінші өмір жайында тебіреніп, өлгенше дос болып табылатын қасыңда ешкім қалмайды, көрген қуанышың да, шеккен қайғың да бекер, олардың бәрі артыңда қалады. Өмірдің ақтық белесіне шыққаныңда артқа көз саларсың. Сол кезде басыңнан кешкеніңнің бәрі де түс секілді елестер деп түйін жасайды.

 [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Т.2. – Алматы: Жазушы, 1995. – Б.220]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы  е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы  жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең философиялық лирика жанрында жазылған. Абай өзінің көңіл-күй тебіренісін Лермонтов туындысынан аударма жасау арқылы бейнелі тілмен көркем жеткізген.

Ғашықтық іздеп тантыма,
Аз күн әуре несі іс?
Өзіңнің қара артыңа,
Өткен өмір бейне түс.
Өлгенше болар бар ма дос?
Қуаныш, қайғы – бәрі бос.