Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ТҰТҚЫНДАҒЫ ПОЛЯК ЖАНДАРАЛЫНЫҢ СӨЗІ»

«ТҰТҚЫНДАҒЫ ПОЛЯК ЖАНДАРАЛЫНЫҢ СӨЗІ»

(«ДҮРІЛДЕГЕН НАЖАҒАЙ»)

(А.Мицкевичтен)

1892-1893

«Дүрілдеген нажағай» («Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі») –поляк ақыны А.Мицкевич өлеңінің 1892-93 жылдар аралығыңда Абай еркін аударған көркем нұсқасы.

Қашан жазылды?

Поляк ақыны А.Мицкевичтің азаттық бұлқынысындағы жан толқынысына құралған «Дүрілдеген нажағай» («Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі») атты рухты өлеңін Абай 1892 жылы 47 жасында аударған.

Қайда жазылды?

9 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлеңді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген. Алғаш рет 1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан шыққан Абай шығармаларының толық жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Абайтанушы ғалымдар Мицкевичтің «…Все, что нашел, — дарю. ТакойЛисток не должен затеряться: Он подан дружеской рукой, Он дар последний, может статься…» деген жолдары Абай өлеңіңде жоқ екенін айтады. Оның себебін өлең жолдарының сақталмауымен сабақтастырады.

Әлем елдері ұлт-азаттық қозғалысының айтулы тұлғаларының әдеби туындыларын меңгерген гуманист Абайдың атақты А.Мицкевич өлеңін аударуы заңдылық. Адамзат мәдениетінің озық идеяларымен туған ұлтын рухани байытуды, ізгілендіруді ұстанған ақын поляк ұлты мақтан тұтар сөз зергерінің рухты шыңдар шығармаларының маңызын терең түйсінді. Жарқын болашақтан үміт үзген дүрбелеңді кездерін еске түсіріп, жабырқаған қапалы азаттық жыршысымен рухани үндестік тапты.

Поляк ұлт-азаттық көтерілісінің аяусыз жаншылуынан кейінгі дауылды кезең, бұлыңғыр болашақ көңілі наласымен тоғыса өрілген өлең қатпарын, мәтін астарын Абай шеберлікпен құбылтады. Еркін аударма жасай отырып, Мицкевичтің азаттық пен бостандық бұлқынысындағы жан толқынысын, көңіл аңсарын барынша үдете түседі. Дауылды кезеңнің суық ызғарына, нажағайына ұшырап, бағы қайтқан қауым тағдырын табиғат тылсымымен үйлестіреді. Дүрілдеген нажағай, бұрқыраған жауын ызғарынан жайқалған орманның сейіліп, гүлдердің солуына, тамырының селдіреуіне бейнелі астар дарытады. Орыс патшалығына отарлануымен бағы қайтқан бас еріксіз қайран елі қазағының да азаттық аңсарындағы көңіл ауанын сыйғызады [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.188]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Азаттық ауанындағы көңіл толқыны мен ойшылдық табиғат тылсымымен ұштасып жатқан өлең көңіл-күй лирикасында жазылған. Туынды 7-8 буынды ерікті ұйқас үлгісімен жазылған.

Дүрілдеген нажағай,

Бұрқыраған жауынның

Ашылмағы бар ма басынан

Бағы қайтқан қауымның?

Мен орманға барғанда,

Неше түрлі гүл ұстап

Қайтушы едім қолыма.

Гүлдер түгіл, бұл күнде

Шөп дағы жоқ маңымда.