Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ТАТЬЯНА СӨЗІ»

«ТАТЬЯНА СӨЗІ»

(А.С.Пушкиннен)

1889

А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сегізінші тарауынан 1889 жылы Абай тәржімелеген туынды.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланған.Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1909 жылғы жинақта 3-шумақтың 2-жолы «Ебін тапсаң жұбатып» болса, 1945, 1954, 1957, 1977 жылғы басылымдарда Мүрсейіт қолжазбалары негізінде бұл жол «Еппен айтсаң жұбатып» болып қабылданған.

Өлең не жайында?

Осы өлеңде Абай Татьянаны бұрынғышаадал, бірақ, кісіге сенгіштігінен арылып, өзіне сенімділігі артқан, сертіне берік, алған бетінен қайтпайтын жан етіп сипаттауы жағынан Пушкинмен толық үндес шыққан. Татьянаның бұл сөзі Абайдың өзі шығарған ақынның өз заманынан бастап ел арасына кең тараған.

Қай жанрда жазылды?

Туынды 6-8 буынды шалыс ұйқаспен жазылған. Шығарма көлемі орыс ақынында 77, Абай тәржімесінде 56 жол. Абай 12-шумақтың соңғы 7 жолын және 13-15- шумақтарды түгел алып, ТатьянаныңСанкт-ПетербургтеОнегинге айтқан сезін бүтіндей аударған.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Тәңірі қосқан жар едің сен,

Жар ете алмай кетіп ең.

Ол кезімде бала едім мен,

Аямасқа бекіп ең.

Талақ етіп бұл ғаламды,

Болды мәлім кеткенің,

Кінәсі жоқ жас адамды

Қатты соққан не еткенің?

Елжіреген жас емес пе ем?

Еппен айтсаң жұбатып.

Мен ғашыққа мас емес пе ем?

Кетсең еді ұзатып.

Сен жаралы жолбарыс ең,

Мен киіктің лағы ем.

Тірі қалдым, өлмей әрең,

Қатты батты тырнағың.

Бұл кінә емес, әншейін наз,

Сағынамын, айтамын.

Досың-ақпын, тағдыр араз,

Толғанамын, қайтемін.

Сен шошыдың ғашығыңнан,

Өзге жұрттан қамшы жеп.

Мен де сорлы нәсібімнен,

Жатқа тидім алшы деп.

Жар табылмас сен секілді,

Мен де сендей сорлы зар.

Қол-аяғым берік бекілді,

Енді ненің орны бар?

Өз қораңның қақпасын сен

Қатты жаптың, не айтайын.

Жат қораның тақтасын мен

Жастанамын, қайтейін.

Қаймақ еді көңілімде,

Бізге қаспақ болды жем.

Екі сөз жоқ өмірімде,

Мен де – сорлы бақыты кем.

Еш қызыққа арманым жоқ,

Бәрі де бар формының.

Біреуіне қанғаным жоқ,

Өзіме аян сорлымын.

Жаным ғашық асылым ең,

Жар есігін бермедің.

Сорға біткен ғашығымсың,

Неге тым кеш сермедің?

Жат есікті және қорып,

Жара салма сен маған.

Жұрт жамандар жатқа жорып,

Жалынамын мен саған.

Үшбу қиял келсе басқа,

Сен жүдер деп мен үшін.

Болар еді қайнамасқа,

Мыс қазандай сорлы ішім.

Ғашық-ақпын еш күмәнсіз,

Ырыс емес, сор үшін.

Көрісуге шыдамаспыз,

Айрылалық сол үшін.