Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ, БОЛ, АҚЫН!»

«КӨҢІЛІМ МЕНІҢ ҚАРАҢҒЫ. БОЛ, БОЛ, АҚЫН!»

(Дж.Байрон – М.Ю.Лермонтовтан)

1893

Орыс ақыны М.Лермонтовтың ағылшын класссигі Джордж Байрон шығармасының ізімен жазылған «Еврейская мелодия» өлеңінің 1892 жылы Абай еркін аударған көркем үлгісі.

Қашан жазылды?

Әлем әдебиеті жауһарларының бірі саналатын көркем туындыны Абай 1893 жылы аударған.

Қайда жазылды?

8 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлеңді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

Өлең не жайында?

Абай өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. Тәржіма қолжазбасы сақталмағандықтан толық аударған-аудармағаны айқын емес. М.Лермонтов өлеңінің «Еврей сарыны» («Еврейская мелодия») деп аталуы туынды түп өзегінің Алла Тағала тарапынан Мұса пайғамбарға жіберілген кітап Тәураттан алынғанын көрсетеді («Саул патшаның Дәуітке айтқаны»).

Абай аудармасында тұпнұсқадағы көркем ой, көңіл толқынын лирикалық сыршылдығымен нәрлендіріп, ұлттық таныммен үстейді. «Арфа», «звуки рая» тіркестерін қазақ ұғымына сәйкестендіріп «домбыра», «бейіштің үні» деп алады. «Вот арфа золотая: Пускай персты твой, промчавчейся по ней» деген жолдарды «Алтынды домбыраңмен келші жақын. Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деп жеткізеді. Эстетикалық талғамы, көркемдік түйсігінің тереңдігіне, поэтикалық танымының заңғарлығына тәнті етеді. Өлең сөзді қастерлеген сезімтал ақын өнер құдыретінің басты қасиеті – адамның жан дүниесін тазарту, нәзік үмітті тебірентер қуатты күш деп біледі. Тұнық сезім тұңғиығына бойлаған мұңлы ақын көңілді үміт тебірентеріне сенемін жоғалтпайды. Көңілдегі шемен шердің бір тамшы жас болып төгілеріне иланады. Бой жылып, ой нұрланып өмір шуағына бөленерін жалын атқан сыршылдықпен өрнектейді. «Егер сорым түбімен әкетпесе, Керек қой көңілді үміт тебірентсе. Қатып қалған көзімде бір тамшы жас Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!» деп түйеді [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.196]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең көңіл-күй лирикасы жанрында жазылған. Көлемі 8 жол туынды 11 буынды қара өлең ұйқасы өрнегімен кестеленген.

Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!

Алтынды домбыраңмен келші жақын.

Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

Егер сорым түбімен әкетпесе,

Керек қой көңілді үміт тебірентсе.

Қатып қалған көзімде бір тамшы жас

Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!