Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ»

«ЕСЕК ПЕН БҰЛБҰЛ»

(И.А.Крыловтан)

1898

Абайдың И.А.Крыловтың «Осел и соловей» өлеңінен тәржімелеген туындысы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді И.А.Крыловтан аударған уақыты басылымдарда 1898 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Туынды алғаш 1909 жылыСанкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының елеңі» жинағында жарияланды. Мүрсейіт қолжазбаларыңда түпнұсқасы бар. Шығарманың басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945, 1954, 1957 жылғы жинақтарда 1-шумақтың 3-жолы «Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып», 7-шумақтың 1-жолы «Демеймін мені мақтасын» түріңде басылса, 1977 жылғы жинақта бүл жолдар 1933 жылғы басылым негізінде «Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып», «Демеймін жұрт мақтасын» болып түзетілген.

Өлең не жайында?

Замандастарының айтуынша, И.А.Крылов бұл мысалды өзіне таныс бір төреге мысқыл ретінде жазған. Абай мысалды мазсұнын сақтай отырып, мейлінше жатық етіп аударған. Бас жағына қысқаша сюжеттік желі енгізіп, отқа тойған есектің масайрап, есіріп келе жатқан күйін суреттеп өтеді.

Қай жанрда жазылды?

Өлеңнің бастапқы 6 шумағы 11 буыңды, соңғы 7-шумағы 7 буынды қара өлең ұйқасымен (-а, -а, -б, -а) кестеленген. Ал Крылов өлеңі 6, 8, 9, 12, 13 буынмен өрнектелген, көлемі 29 жол. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады, көлемі 28 жол. Түпнұсқаның мазмұны аудармада дәл берілген.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы

Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы.

Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,

Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.

Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,

Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.

Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,

Рас па екен жұрттың сөзі, сынар едім.


Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,

Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,

Мың түрлі күйге салып толқынтады,

Маңайда жан біткенді таңырқатып.


Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,

Көзіне қып-қызыл боп жас мөлдіреп.

Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым-жырт,

Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.


Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,

Есек жерге қаратып екі көзін:

«Іш пыспай-ақ тыңдарлық бар екенсің,

Әттегене-ай, білмепсің әтешті өзің!


Екенсің ән салуға сен-дағы епті,

Сен біраз әтеш әнін үйрен!»- депті.

Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,

Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.


Демеймін жұрт мақтасын,

Я жақсын, я жақпасын.

Сүйтсе де мұндай сыншыдан

Құдайым бізді сақтасын.