Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«БОРОДИНО»

«БОРОДИНО»

(М.Ю.Лермонтовтан)

1882

М.Ю.Лермонтовтың осы аттас шығармасының аудармасы.

Қашан жазылды?

Бұл өлеңді Абай 1882 жылы аударған, бұл Бородино түбіндегі жеңістің 70 жылдығына сәйкес келеді.

Қайда жазылды?

20 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең алғаш рет 1933 жылы жарық көрген жинақта басылып шықты. Өлең баслыымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Атап айтқанда, 1939, 1945 жылғы басылымдарда «Он күн болды кешке» деп басылып келді. Бородино шайқасының үш-ақ күн болғанын ескерсек, «ол» сөзі «он» болып қате оқылғаны байқалады. Сондықтан соңғы жинақтарда «Ол күн болды кешке» деп түзетілген қалпында басылып жүр.

Өлең не жайында?

М.Ю.Лермонтов «Бородиноны» 1837 жылы 1812 жылы Отан соғысының шешуші кезеңі саналатын Бородино шайқасының 25 жылдығына орайлас жазған. Бұл өлең – орыстың реалистік поэзиясының үздік үлгілерінің бірі. Шығарманың үлкен бір өзгешелігі – онда уақиға бастан-аяқ сол соғысқа қатынасқан жауынгердің, яғни нағыз халық өкілі, қарапайым адамның айтуымен баяндалады, соның мінезі, ойлау, сөйлеу ерекшелігі асқан суреткерлік шеберлікпен көрсетіледі. Отан соғысындағы халықтың жанқиярлық ерлігін мадақтаумен бірге, өлеңде М.Ю.Лермонтов өз заманындағы қауымның, кейінгі буынның енжарлығын, батылсыздығын сынау да бар. Осы өлеңді аударуынан Абайдың орыс халқының тарихына, 1812 жылғы Отан соғысы секілді ірі оқиғаға айрықша назар салып, зор мән бергені айқын аңғарылады.

Қай жанрда жазылды?

Туынды 7-8 буынды, аралас ұйқаспен жазылған. Аударманың көлемі 20 жол. Абай нұсқасы – орыс ақыны шығармасының әр жерінен аударылған, ұзын-қысқалы төрт бөлек үзінді. Осыған қарағанда, аударманың толық нұсқасы сақталмаған болуы керек.

Қай тілдерге аударылды?

Абай өлеңді орыс тілінен қазақ тіліне аударған.

– Айтшы, аға, неғып жеңілдік

Мәскеуде емес тегіндік,

Болған білем соқтығыс,

Емес білем аз жұмыс.

Ұмытпайды еш орыс,

Бородинде көргенді.

– Ондағы біздің адамдар,

Сендердей емес, балаңдар.

Қиын тиді оларға

Аз кісі-ақ қайтып санарға.

Қол салмаққа кәртечке1

Ол күн болды, күн кешке,

Қас қарайып, болды түн.

Штык, қылыш қайрасып,

Ширатып мұртын шайнасып,

Ашулы солдат қыстықты:

«Қойса екен бізді тыюын,

Айтса екен бізге қиынын,

Жыртпасақ жаудың киімін,

Біз не етеміз, штыкті»…

1Картечь (орысша) – шашылып атылатын оқ.