(М.Ю. Лермонтовтан)
1885
М.Ю. Лермонтовтың «И скучно, и грустно» атты өлеңінен аударма, Абай тәржімалаған алғашқы бір шумағы.
Қашан жазылды?
Бұл өлеңді Абай 1885 жылы М.Ю. Лермонтовтан аударған.
Қайда жазылды?
6 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.
Қайда жарияланды?
Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді.
Өлең не жайында?
Абай бұл өлеңнен өзіне таныс көңіл-күйінің елесін көрді. Халықтың ауыр халін өзгертуге күші жетпейтіндігін түсініп, налу, жабығу, торығу, өзінің жалғыздығын айту оның өз өлеңдерінен де байқала бастайды. Бірақ ол сары уайымға бой алдырмайды, мойымайды. Түгелдей алғнада Абай шығармаларынан өмірді шын сүйетін, ізгі тілек-талапқа толы, ертеңгі күнге батыл қарайтын зор қайраткердің бейнесі айқын байқалады.
Қай жанрда жазылды?
Өлең 7-8 буынды, көлемі 6 тармақ. Бұл жерде Абай аталған шығарманың алғашқы төрт жолдық шумағын ғана 6 тармақ етіп аударған. Небәрі 3 шумақтық түпнұсқаның «Любить… но кого же?» деп басталатын екінші шумағы «Ғашықтық іздеп тантыма» деген тақырыппен дербес өлең ретінде аударылған. Оның қолжазбасы Мүрсейіт көшірмесінде сақталған да, «Әм жалықтым, әм жабықтымның» нұсқасы сақталмаған. Сондықтан да бұл өлең алғашқы басылымдарға кірмей қалған.
Қай тілдерге аударылды?
Өлеңді орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.
Әм жабықтым, әм жалықтым,
Сүйеу болар қай жігіт,
Көңілден кеткен соң тыным?
Әм сүйіндім, әм түңілдім,
Үнемі неткен үміт,
Өткен соң бар жақсы жылым?