Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚАСИЕТТІ ДҰҒА»

«ҚАСИЕТТІ ДҰҒА»

(М.Ю. Лермонтовтан)

1897

М.Ю. Лермонтовтың «Молитва» өлеңінің екінші нұсқасы, аудармасы.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл өлеңді М.Ю. Лермонтовтан аударған уақыты басылымдарда 1897 жылмен көрсетілген.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Алғашрет 1946 жылы жарық көрген ақын шығармалары жинағыңда жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер көздеспейді.

Өлең не жайында?

М.Ю.Лермонтов өлеңін Абай «Дүға» деген атпен «Өмірде ойғатүсіп кем-кетігіңнен» бастап бір аударса, «Қасиетті дүға» дегенатпен тағы да аударған. Абай аудармасының осы екі нұсқасы да орысша нұсқаға мағынасы жағынан түгелдей алғанда жақын және көркемдік сапасы да жоғары. «Дұға» өлеңінде бір назар аударатын ерекшелік –Абай «Осы өлең – оқитұғын дұғам менің» деп, орысша түп нұсқаның мағынасын бұл тұста өзінше айқындап ашып береді. Орысша нұсқада «оқитын дұғам –өлеңім» деп тура айтылмайды. Лермонтовта: «Одну молитву чудную твержу я наизусть»,- делінген.Туындыдағы бұл сөздерді Абай дәл аударып: «Қайта-қайта оқысам бір дүғаны»,- деп келтіреді. Оның есесіне Абай Лермонтов өлеңіндегі ойды дамытып, түйіндеу жағынан маңызды: «Есть сила благодатная…» деп басталатын екі шумақты «Дүға» өлеңіне қарағанда соңғы нүсқада еркінірек тәржімелеген. Мысалы, соңғы: «И верится, и плачется, И так легко, легко»,- деген жолдарға «Дүға» өлеңіндегі: «Болады жылауға да, сенуге де, Жүректің басынан у төгілгендей»,- деген сөздер мағынасы жағынан жақынырақ. Ал «Қасиетті дүға» өлеңінде бұл жолдар: Адамның баласына ашып жаным, Ізгілікке жүрегім бір ұмтылар,- деп тәржім өлеңін, адамгершілік сарынның айқын керінуіне мүмкіндік береді. Осыған орай Абай сомненье деген сөзді сенімсіздік деген дей мағынада алмайды, көңілім сенімсіздіктен арылады демейді, «Кек арылып көкіректен, ұмытылар» дейді.

Қай жанрда жазылды?

Мағына, мазмұн, өлшем, түр жағынан алғанда аударманың бірінші нұсқасынан онша көп айырмасы жоқ. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасы өрнегімен кестеленген, көлемі 12 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.

Өмірден тепкі жесем жазығым жоқ,
Ешнәрсеге көңілім болмаса тоқ,
Қайта-қайта оқысам бір дұғаны,
Сөніп қалған жүректе жанады шоқ.

Қуаты бар дұғаның қуантарлық,
Қапаланған жүректі жұбантарлық.
Адам ұқпас бір тәтті лебізінен
«Уан» деген естілер ұлы жарлық.

Көңілім ауыр жүктен бір құтылар,
Кек арылып көкіректен ұмытылар.
Адамның баласына ашып жаным,
Ізгілікке жүрегім бір ұмтылар.