Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ»

«ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ»

(А.С.Пушкиннен)

1889

А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» атты өлеңмен жазылған романының бірінші тарауынан Абай тәржімелеген үзінді.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1945 жылғы жинақта 4-шумақтың 1-жолы «Жай, жаңа кісі болып түк білмеген» делінсе, кейінгі басылымдарында Мүрсейіт қолжазбасы (1905) бойынша бұл жол «Жап-жаңа кісі болып түк білмеген» болып түзетілген.

Өлең не жайында?

Бұл өлеңдегі Онегин сипаты романда алғашқы таныстыру түрінде берілген. Ал оқиға барысында, іс- әрекет үстінде оның мінез ерекшеліктері әбден айқындалып, толыға тұседі.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Абай 10, 11-шумақтытүгелжәне 12-шумақтың 6 жолын аударған. Көлемі 34 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Туындының орыс тілінен қазақ тіліне ақын аударған.Абай аудармасы Пушкинтекстіне мағынасы жағынан өте жақын, әрі түпнұсқаға жолма-жол сай. Пушкиннің әрбір 14 жолдық шумағы Абайда 14 жол боп келіп отырады.

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.

Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,

«Дем алысым, құмарым – бір сен» десе.

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше,

Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,

Қамыққансыр, қайғырып, орны келсе.

Жай, жаңа кісі болып түк білмеген,

Қалжыңын білдіртпейді қалай деген.

Жаның шошыр өрлігі жаннан бөлек,

Кісіге балдан тәтті орны келген.

Биттей бойы босаса, сезер сонда,

Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда.

Ғашыққұмар, ақыл мен бойыңды алып,

Жылы жауап есітер не қылсаң да.

Емінер, «әй» дегізер, дайын қылар,

Жүрегің қалай соқса, пайым қылар.

Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,

Бір оңаша жолығар жер айтқызар.

Ел аулақта оңаша қолына алып,

Көңіліндегі сабағын айтып тынар.

Жасынан көрсе оны ақылы сасқан

Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.

Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,

Өзіне күндес шықса, жол таласқан.

Ажуаға, қорлауға тілі орамды,

Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан.