Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖАҚСЫЛЫҚҚА»

«ЖАҚСЫЛЫҚҚА»

1880

Абайдың Мырза елінен шыққан Жақсылық дегенге ауызша шығарып, мысқылдап айтқан өлеңі.

Қашан жазылды?

Бұл өлеңді Абай 1880 жылы 35 жасында шығарған.

Қайда жазылды?

4 тармақтан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең ең алғаш 1933 жылы Қызылордада жарық көрген толық жинақта жарияланған (73-бет). Ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Қоңыр-Көкше еліне болыс болған Абай ауыл арасындағы ұры-қары, суыт жүрісті адамдарға тоқтау салып, қаталдау тиіскен. Сондай сұғанақтау адамдардың бірі – Мырза елінен шыққан Жақсылық деген біреу «борышымды елге салып, мені құтқар» деп ақынға арыз айтады. Абай «адамға алдымен адалдық керек, борышқорлықпен мал жия алмайсың» дегенді аңғартып, оны табанда бір ауыз сөзбен тыйып тастайды.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, көлемі 4 тармақты, 1 шумақ.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Аяғыңды аңдап бас, ей Жақсылық!

Өз басыңда жының бар бір бақсылық.

Борышқорлық – адамға қиын нәрсе,

Әрқайда өсіткізеді мал тапшылық.