(А.С.Пушкиннен)
1889
А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романы 6-тарауының 1889 жылы Абай тәржімелеген 21, 22 шумақтары.
Қашан жазылды?
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында аударылған.
Қайда жарияланды?
Алғаш рет ақынның 1940 жылы жарық көрген жинағында жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді.
Өлең не жайында?
Абай аударған «Ленский сөзі» Онегин мен Ленский дуэльге шығар алдында айтылады. Онегин мен Ленскийдің дос боп жүріп араздасып қалуы, Ленскийдің Онегинді дуэльге шақыруы –романның уақиға желісіндегі түйінді кезең. Осы тұста Онегиннің де, Ленскийдің де мінез ерекшелігі нақты іс-әрекет үстінде анық байқалады. Абай Онегин мен Татьянаның бір-біріне жазған хаттарын, айтқан сөздерін қазақ тіліне аударып, бірнеше өлең жазғаннан кейін, «Евгений Онегин» романындағы басты кейіпкердің бірі Ленскийді де қазақ қауымына таныстыруды қажет деп санаған.
Қай жанрда жазылды?
Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасы (-а, -а, -б, -а) өрнегімен кестеленген. Шығармақазақтілінде 8 жол.
Қай тілдерге аударылды?
Туынды орыс тілінен қазақ тіліне Абай аудармасы арқылы жеткен.
Барасың қайда, қайда болмай маған,
Жас өмір алтын-күміс жарқылдаған.
Келер күн келеді екен не дайындап,
Қараңғы, қарағанмен болжай алман?
Мінеки, келіп қалдық атар таңға,
Жарқырап күн де шығар тірі жанға.
Табытқа салып алып, әлде мені
Апарар сырын білмес бір далаңға.