Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҒАБИДОЛЛАҒА»

«ҒАБИДОЛЛАҒА»

Абайдың өз ауылына сіңісіп кеткен ноғай Ғабитхан молданың баласы Ғабидоллаға арнап шығарған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1897 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет Абай шығармаларының 1933 жылғы жинағына енгізілген. Кейінгі басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер байқалмайды.

Өлең не жайында?

Ел арасында сауда-саттық жасап, мал тапқанына мастанып, әр нәрсені көрген, білімді кісімсіп, отырған жұртқа кезек бермей, сөз таластыра берген Ғабидоллаға (18621932) сөз арасында ескертпе ретінде айтқан. Жаңсақ мінез танытқан жас жігітті қатал айыптап, мінеп-сөкпей, сабырлы ақыл мен сабасына түсірмек ниеті байқалады. Өлеңнің 6 жолдан тұратын алғашқы бөлігі әңгіме үстінде айта салған мысал сияқты. Онда ақын жазғытұрым қылтиып өскен жауқазынның өз өмірінің қысқалығына қарамай, бәйтерекке жетпек болып, ақырында бетегеден де аса алмай, күз түскен соң тамырын суық шалып, солатынын айтады. Аз уақыт жылы күнге мәз болған байғұстың мүшкіл халін әжуа етеді. Ақын одан әрі, елеңнің 4 жолдық екінші бөлігінде қол жетпеске қол созған сондай жасты өзінің де көп көргенін, бірақ солардың құрғақ сөз қуып «боламын» деп жүргенде, жалыны сөніп, түк шығара алмай қартаятынына өкініш білдіреді.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең үйқасымен жазылғанмен, 10 тармақ бірыңғай үндестікке қүрылып, түтас шумақ ретінде кідіріссіз оқылады. Көлемі 10 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең араб, ағылшын, орыс тілдеріне аударылған.

Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын,
Қайдан білсін өмірдің көбін азын.
Бәйтеректі күндейді жетемін деп,
Жылы күнге мас болып, көрсе жазын.
Күз келген соң тамырынтүсік шалып,
Бетегеге жете алмай болар жазым.

Мен дағы көп есіттім жастың назын,
Қол жетпеске қол созар бар ма ылажың?
«Боламынмен» жүргенде болат қайтып,
Жалын сөніп, жас жүзін басады ажым.