Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЫСЫТҚАН, СУЫТҚАН»

«ЫСЫТҚАН, СУЫТҚАН»

          Абайдың адам жанының ғашықтық күйігіндегі сан құбылған сыршыл сезім тұңғиығына, психикалық көңіл күйіне бойлатар лирикалық өлеңдерінің бірі. Махаббат поэзиясы ішкі әлемдегі ынтазарлыққа толы сұрапыл күй, дүлей толқын қопарылысына ұйытады.

Қашан жазылды?

Махаббат пен сүйіспеншілік сезім иіріміндегі адамның күрделі әлемі айшықталған «Ысықтақ, суытқан» өлеңін Абай 1893 жылы жазған.

Қайда жазылды?

20 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлеңді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

Өлең не жайында?

Махаббат, сүйіспеншілікті жырлаған Абай лирикасы адам жанының сан құбылған сезім тұңғиығына бойлатар сыршылдығымен терең. Ойшылдық пен сыршылық тоғысқан өлеңде жастықтағы аптыққан асау сезімнен тартып, бастыққан жан толқынысы аралығындағы құбылған көңіл ауаны, тылсымға толы аңсары жырланады. Бойыңды кернеген махаббат тылсымының бір ысытқан, бір суытқан құдыреті суреттеледі. Қайтпаған көңілдің жүрек тебіренісінен туған сыртқы құбылысты ішкі әлем түйсіктерімен астастырады.

«Бір жақсы күнім деп, Қызықпен сөйлесіп, Артынан ол нем деп, Ұялып кезнесіп» күйінген адам жүрегінің мың сан дірілін, күңгірт көңіл, мұңды наз құбылысының сыр пернесін шертеді. Көк дөнендей ұшқыр көңілдегі буырқанған күйініш пен торыққан сүйініш, бой балқытар тұңғиық сыр мен жалт еткен сезім құштарлығы тізгінін қақпайлайтын табиғат заңдылығы, өмір өтпелілігіне иланғысы келмейтінін жұмыр басты пенденің жүрек толқынысы қиырдан шалынады. Сүйіспеншілік күйігін, махаббат құдыретін сезінбейтін таяздыққа жаны қас екенін де бүгіп қала алмайды. Махабатсыз өмір мәнсіз екенін түйсіндіреді. Сүйіспеншілік күйініші, ынтыққан жастар құштарлығы, іңкәрлық тылсымынан риясыз көңілімен сыр татады, жан жүйеңізді толқытады, тербетеді. Сұрапыл шабыт ғашықтық тіліне бойлаған сыршыл ақынның жүрегі жан жарастығын, көңіл келісімін, өмір сұлулығын іздеуімен шарқ ұрады.Көкейін ерітерлік көркемдік қуатымен үстейді. Сыршыл лирикада ғашық жандар күйініші, кіршіксіз арман аңсары шынайы табиғи үйлесімде көрініс табады. Тұла бойды кернеген ыстық ықылас, құмарлық, алқынған көңіл аптығы, ұяң мінез, сырбаз сезім шарпылысы барша табиғи болмысымен жымдасып жатыр [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.190]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең махаббат лирикасы жанрында жазылған. Әрқайсысы 4 тармақты, 5 шумақтан тұрады. Өлең 6-7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Ысытқан, суытқан.

Бойыңды бір көңіл.

Дүниені ұмытқан

Құмарың тозар, біл.

Әуелгі кезіңде

Қайтпаған көңілдің,

Есептеп өзің де

Түрінен өмірдің.

Бір жақсы күнім деп,

Қызықпен сөйлесіп,

Артынан «ол нем?» деп,

Ұялып кезнесіп.1

Бір ақымақ әңгіме

Сықылды көрінер.

Онысып өңгеге

Айтуға ерінер.

Айтуға білсе, ерінбес,

Надандықпен жеңілмес.

Білген кісі айтса оған,

Надандығы кемімес.

1 Қысылу, қызару мағынасында.