Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«МЕН БОЛАМЫН ДЕМЕҢДЕР»

«МЕН БОЛАМЫН ДЕМЕҢДЕР»

Абай өмірінің аяқ кезінде бұрын өзі сан айтқан, көп ескерткен шындықты енді ақтық жан айғайымен білдірген зілді нұсқау, қара қылды қақ жарған үкімге ұқсаған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасының жазылған жылы белгісіз. Өлеңнің мазмұнына қарағанда, ақын өмірінің соңғы жыларына жазылған тәрізді.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлеңді 1940 ж. Қ.Мүқаметханов пен Ә.Ысқақұлы Көкбайдың баласы Ахметқалидан жазып алған. Алғаш рет ақынның 1945 жылы жарық көрген толық жинағында жарияланды. Басылымдарында текстологиялық өзгерістер көздеспейді.

Өлең не жайында?

Өлеңде менмендікке, жетесіз асқақтыққа, өркөкірек надандыққа қарсылық байқалады. Жұртқа үйретемін, халыққа табыстаймын деген асыл ойлардың түпкі бір қорытындысы көрінеді.

Ақын жеке адамның «менін» тілге тиек етіп, соның төңірегінен ой түрткі іздейін деген талапты алдына қоймаған. Ол жай қарапайым адамның «меніне» білек сыбанып қарсы шығып отырған жоқ, оны назаландырып, сарсаңға салатын: «Бәрін мен жасап жатырмын, менің қолым, дүниені ұстап тұрған мен ғанамын» дейтін қүбыжық. Өлеңде жағымсыз кейіпкердің бейнелі мінез-құлқы: қуыс кеуде, мисыз бас, мәнсіз маңғаздық, алшаң басуға үйренген аяқтың өзінен нәрсіздік, үкідей салмақсыздық, жалғандық айқын көрінеді. Ақын осынау ойсыз паңдықты сынай отырып, тексіздерді тектілікке, тереңдікке, білімге, ғылымға шақырады. Дүниенің бар кілті ғылымда екендігіне мойын ұсындырмақ болады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 6,7 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. 4 тармақты 2 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды қарақалпақ тіліне аударылған.

Мен боламын демеңдер,
Аяқты алшаң басқанға.
Екі көзің аларып,
Құр қарайсың аспанға.

Бір ғылымнан басқаның,
Бәрі де кесел асқанға.
Өйткен адам жолығар
Кешікпей-ақ тосқанға.