Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«КӨКБАЙҒА» («СОРЛЫ КӨКБАЙ ЖЫЛАЙДЫ»)

«КӨКБАЙҒА» («СОРЛЫ КӨКБАЙ ЖЫЛАЙДЫ»)

Азған заманды көріп, ел ішін ала тайдай шулатқан ұрлық-зорлықтан әбден мезі болған ақынның өзегін өртеген ашу-ызасын жолдасы Көкбайға көз жасы мен жыры арқылы білдірген өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақын бұл өлеңін 1886 жылы 41 жасында жазған.

Қайда жазылды?

9 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлең алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілді (93-бет). Өлеңді сақтап, жеткізген – Көкбай. Және осы өлең туралы Көкбай: «Сорлы Көкбай жылайды, жылайды да жырлайды» дегенді мен қылып қойып, Абай өзін айтып еді, — дейді. Кейінгі басылымдарда ешқандай текстологиялық өзгерістер байқалмайды.

Өлең не жайында?

Өлеңде азаматы азып, өңкей ұры-қары жайлаған қу заманның қулық-сұмдығын көре-көре көңілі қалып, бұзылған елді қалыпқа салар қайрат таппай, «мыңмен жалғыз алысқан» ақынның мұңы бейнеленген.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7-8 буынды шұбыртпалы ұйқаспен жазылған, көлемі 9 тармақтан тұратын бір шумақ.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Сорлы Көкбай жылайды,

Жылайды да жырлайды.

Ол жыламай қайтып тұрады,

Мынау азған қу заман

Қалыбында тұрмайды.

Біреу малды ұрлайды,

Біреу басты қорлайды,

… болмаған соң

Жылауына зорлайды.