Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«КҮН АРТЫНАН КҮН ТУАР»

«КҮН АРТЫНАН КҮН ТУАР»

Абайдың тіршілік, болмысқа ой жібере келе, үнемі қозғалып, өзгеріп отыратын тынымсыз тіршілік диалектикасын қысқа тұжырымдап, қанатты сөз түрінде түйіндеген өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1898 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1933 жылы Қызылордада жарық көрген толық жинағында жарияланды. Өлең басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1933, 1939, 1945 жылғы басылымдарында 2-жол «Бір күн дамыл өткізбес», 3-жол «Ой артынан ой туар» болса, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жолдар «Бір күн дамыл өткізбес», «Ой артынан ой қуар» болып басылған.

Өлең не жайында?

Ақынның 1898 жылы жазған өлеңдері «Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма», «Жүректе қайрат болмаса», «Ауру жүрек соғады ақырын жай», «Белгілі сөз өлді» деген жолдармен басталады. Соған қарағанда, Абай осы кезеңде дүниенің қадір-қасиеті, өмір мен өлім туралы көп ойласа керек.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7 буынды шалыс ұйқаспен өрнектелген. 4 тармақты, 1 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, орыс, өзбек, тәжік, қырғыз, қарақалпақ тілдеріне аударылған.

Күн артынан күн туар,
Бір күн дамыл еткізбес.
Ой артынан ой туар,
Желге мәнсең жеткізбес.