Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖАРҚ ЕТПЕС ҚАРА КӨҢІЛІМ НЕ ҚЫЛСА ДА»

«ЖАРҚ ЕТПЕС ҚАРА КӨҢІЛІМ НЕ ҚЫЛСА ДА»

Абайдың сүйген жарынан ажырап, алыста қалған жігіттің зарығып айтқан сағынышын білдіретін махаббат лирикасы.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең тұңғыш рет 1939 жылғы жинақта жарияланған (1 том, 237-бет). Туынды басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі.1933,1954жылғы жинақтарда соңғы шумақтың 4-жолы «Қорлық пен мазағына табынса да» делінсе,1957,1977жылғы басылымдарда бұл жолМүрсейітқолжазбаларына сәйкес «Қорлық пен мазағына табылса да» болып берілген.

Өлең не жайында?

Өлеңде біржола беріліп, құлай сүйген жігіттің бір жақты сүйіспеншілігі жырланады. Өз сезімі қыз жүрегінен үндестік тапсын-таппасын, ол алған бетінен қайтпайды, жалындаған ыстық махаббатының құрбандығына көніп, жүрек қалауының барлық азабын тартуға әзір.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Көлемі 8 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, араб, башқұрт, белорус, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр, якут тілдеріне аударылған.

Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да.

Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,

Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық пен мазағына табынса да.