Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖАМАНБАЛАНЫҢ БАЛАСЫ ӨЛГЕНДЕ»

«ЖАМАНБАЛАНЫҢ БАЛАСЫ ӨЛГЕНДЕ»

Абайдың Жаманбала деген көршісінің 3 жасар баласы шетінегені жайлы қаралы хабарды естігенде күңіреніп отырып, табан астында ауызша айтқан өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1898 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы толық жинағына енгізілді. Кейінгі басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгеріс кездеспейді.

Өлең не жайында?

Өлең арқылы өлім-жітімді көп көріп, қасірет шеккен көңілдің азалы сарыны байқалады. Үміт артқан сүйікті ұлы Әбдірахман қазасының арылмас қайғысы еске түсіп, ақынның жаралы жүрегін тағы да бір тырнап, қажытып кеткендей. Осындай күйінішті сәтте тілге оралған аз сөзде үлкен ой, ақынды толғантып жүрген философиялық тұжырым аңғарылады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 8 буынды шалыс ұйқаспен шығарылған.Көлемі 4 тармақтан тұратын бір шумақ.

Қай тілдерге аударылды?

Қырғыз, орыс тілдеріне аударылған.

Белгілі сөз: «өлді, өлді»,

Белгісіз оның мекені.

Не халатқа¹ әурілді²,

Қайда қандай екені.


¹Халат (арабша) – хәл-жай, жағдай. Бұл арада не хәлге, нендей күйге ұшырады деген мағынада.

²Әурілді (парсыша) – ел- жұртынан айрылып, шет жерде қаңғып жүруші. Бұл арада қай жаққа кетті деген мағынада.