Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ДҮЙСЕНҚҰЛҒА»

«ДҮЙСЕНҚҰЛҒА»

Абайдың қазақ тұрмысындағы бір жағдайды кестелі көркем тілмен айшықтаған шағын туындысы.

Қашан жазылды?

Ауылдасының келеңсіз ісін сынаған «Дүйсенқұлға» өлеңін Абай 1896 жылы 51 жасында жазған.

Қайда жарияланды?

Қателеспей жар таңдау секілді маңызды тұрмыстық мәселе көтерген өлең алғаш рет Абайдың 1933 жылғы жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Бір ғана шумақтан тұратын өлеңнің «саудаяй» атты бірінші сөзінің араб-парсыдан аударғандағы мағынасы мәжнүн, меңіреу, аңғал, ғашықтықтан есі ауысқан дегенді білдіреді екен. Абай осы сөзді өлеңнің мазмұнын ашу үшін әдейі пайдаланған.

Дүйсенқұл есімді тиянағы, тұрлауы жоқ ессіз ауылдасы бірнеше рет үйленіп, жар таңдауда жолы болмаған екен. Сөйткен ол енді Жақып дегеннің денсаулығының кемдігі бар, сырқау, байдан қайтқан қызына үйленуді шешеді. Ұшқалақ мінезді, алаңғасар Дүйсенқұлдың бұл ісіне риза емес Абай осы өлеңімен кекесін үлгісінде баға берген.

Жар таңдауда қателікке ұрынбау, оған аса үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін ескерткен ақын Дүйсенқұлдың мінезін «ала жаздай көгалды бір көрмедің» деп сипаттайды. Осыдан біз оның жеңілтек, ертеңгі күнін ойламайтын тиянақсыз адам екендігін түсінеміз. Елдің көшіп кеткен сары  жұртына қондың ба деп ақын өз ойын ауыспалы мағынада жеткізген. Дүйсенқұлдың мәнсіз шешімін мазақ қылған Абай осы өлеңімен жұртқа ой салған.

 [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Т.2. – Алматы: Жазушы, 1995. – Б.18]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы  е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы  жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең тұрмыстық-әлеуметтік лирика жанрында жазылған. Өмір шындығынан туындаған, оқырманға ғибратты ой қорытындысын жасауға  көмектесетін шағын шығарманың мазмұнынан Абайдың ақындық сыншылдығын танимыз.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс, ағылшын, француз, неміс, қытай, корей, поляк, нидерланд, тәжік, түрік, өзбек және сондай-ақ өзге де көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып,

Бір пәлеге жолықтың шырқау барып.

Ала жаздай көгалды бір көрмедің,

Сары жұртқа қондың ба ірге аударып?