Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«БОЛДЫ ДА ПАРТИЯ»

«БОЛДЫ ДА ПАРТИЯ»

Абайдың ел ішін алауыздық жайлап, жұрттың жік-жікке бөлінгенін, солардың арасындағы дау-шарды тиямын деп, өзінің көп әуре болғанын айтып жазған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1898 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлең алғаш рет 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Қүнанбайұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1954 жылғы жинақта соңғы шумақтың алғашқы екі жолы «Өзіңнен асырдың» болып басылса, қалған басылымдарда бұл жолдар 1909 жылғы жинақ бойынша «Ұрыңнан асырдың» ретінде алынған.

Өлең не жайында?

Абайдың шығармашылық мұрасында бүл тақырыпқа жазылған өлең көп. Солардың бәрінде ақын ел ішінің бүлініп бара жатқанын көріп, араздық туғызатын себептерге қарсы қатты наразылық білдіретін. Оларды өткір сынға алатын. Мына өлеңдегі сарын өзгеше. Ешқайсыңды алаламай, кәрі-жас, жақсы-жаман демей, барымды орталарыңа салып, жанашырлық білдіріп жүргенде, сендер мені өсек қылып, арыма тидіңдер. Өзіммен бірге жарымды қоса даттадыңдар деген шағым айтады. Сол қиянаттарыңды көрмеген болып, көп уақыт бүгіп келіп, енді шыдамай айтып отырмын деп, жеке басының мұң-зарын білдіреді. Менің сендерге деген ниетім адал, жарымның да ары таза деп ақталғандай болады. Шығарманың өлеңдік құрылымы, көркемдік шеберлігі жағынан да елеулі өзгешелігі бар.

Қай жанрда жазылды?

Туынды 6-7 буынды шалыс үйқас үлгісінде жазылған, көлемі 28 жол.

Қай тілдерге аударылды?

Туынды қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Болды да партия,
Ел іші жарылды.
Әуремін мен тыя,
Дауың мен шарынды.

Құрбыдай хош тұттым
Жасың мен кәрінді.
Жоқтамай, ұмыттым,
Ақыл мен нәріңді.

Ортаға көп салдым
Өзімде барымды.
Япырым-ау, неңді алдым,
Сау қоймай арымды?

Ойымнан ой бөліп,
Қозғадың тамырды.
Көңілге тік келіп,
Кетірдің сабырды.

Ойым да ақ, жарым да ақ,
Кеңімді, тарымды
Қарасам пайымдап,
Сөзің сол сарынды.

Өсекке салмаңдар
Ойымды, жарымды.
Өлшеуге алмаңдар,
Ойым бек тарылды.

Ұрыңнан асырдың
Сұм тілді қарынды.
Жасырдым, жасырдым,
Енді айттым зарымды.