Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ – АҚЫЛ ЗЕРЕК»

«ӘУЕЛДЕ БІР СУЫҚ МҰЗ – АҚЫЛ ЗЕРЕК»

Абайдың адамгершілік жайындағы философиялық ой толғауға негізделген өлеңі.

Қашан жазылды?

Абайдың 1899 жылы 54 жасында жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Түпнұсқасы Мүрсейіт қолжазбаларынан алынып, алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. 1909, 1939, 1945 жылғы басылымдарда жеке ажыратылмай, «Ғашықтық, құмарлық пен ол екі жол» атты өлеңмен бірге, бір туынды ретінде берілген.

Өлең не жайында?

Онда ақын шын мәнінде жақсы адам болу үшін ақыл, қайрат, жүрек үшеуін тең ұстау керек. Бұл жерде жүрек – қағілез, сергек сезімді, ал қайрат – байсалды сабырлылық пен табанды төзімділікті тудыратын қасиет. Егер адам бойында осы үш ерекшелік табиғи тұтастық тапса, нағыз мінсіз мінез сонда ғана қалыптаспақ дегенді айтады. «Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп қорытады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буыңды. 1-шумағы қара өлең үлгісімен өрнектелген де, кейінгі 2 шумағының 2-жолдары шұбыртпалы ұйқас түрінде тізбектеліп отырады. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.

Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,

Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.