Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚҰР АЙҚАЙ БАҚЫРҒАН»

«ҚҰР АЙҚАЙ БАҚЫРҒАН»

Абайдың «әнөнер, бұл өнерден хабарсыз болу – надандық, өнер жолында ізденбеу – еңбексіздік, еңбексіздік – арамтамақтық» деген ұғымды қалыптастырған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1897 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Бұл екі ауыз өлең тұңғыш рет Самат Әбішұлы Нұржанов бастырған «Абай термесі» (Орынбор, 1916) атты жинақта жарияланған. Кейіннен Мүрсейіт қолжазбаларының негізіңде ақынның 1933 жылы жарық көрген «Тандамалы өлеңдерінде» жарияланды. Өлең ешқаңдай текстологиялық өзгерістерге ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Шығармада ірі-ірі төрт ой айтылған. Олар: бақырғанның бәрі ән емес, өнерден мақұрым қалу сән емес, надандар жан емес, еңбексіз бос жүру жөн емес. Абай енді сүйген, ән –туғаннан өлгенге дейінгі адамның өмір серігі, кеңіл күйінің сәулесі, жақсы ән – жан азығы деп білген. Абайды әнге үйір қауым қоршаған. Олардың ішінде биік талғам-тұшымы жоқ, бақырып, барқырап тепей беретін «әншілер» де жүрген.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 6-7 буынды шалыс ұйқас түріңде өрнектелген. Әрқайсысы 4 тармақты 2 шумақтантұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, әзербайжан, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, қытай, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен тілдеріне аударылған.

Құр айғай бақырған
Құлаққа ән бе екен?
Өнерсіз шатылған
Кісіге сән бе екен?

Өңкей надан антұрған,
Қанша айтса, жан ба екен?
Бос жүріп құр қалған
Өміріңе кән бе екен?