Абайдың өзінің бүкіл поэтикалық мұрасына арқау етіп өрген өлең сөз өнерін қастерлеу, халық санасын оятудағы сөздің құдіретін дәріптеу тақырыбын қозғаған шоқтығы биік өлеңдерінің бірі.
Қашан жазылды?
Ақынның бұл шығармасы 1898 жылы жазылған.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.
Қайда жарияланды?
Алғаш рет Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Қунанбайұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Мүрсейіт қолжазбаларында да бар. Текстологиялық ауытқушылық жоққа тән. 1954, 1961 жылғы басылымдарда өлеңнің 2-шумағының 5-тармағы «Ойланбай, қайран жұрт» деп беріледі де, түсініктемеде мұның Мүрсейіт қолжазбалары мен 1909 жылғы басылым бойынша алынғаны айтылған. Алайда 1957 жылғы жинақта бұл жол «Оянбай, қайран жұрт» түрінде басылды. Ақынның бұдан кейінгі басылымдарында да осы нүсқа басшылыққа алынған.
Өлең не жайында?
Қалың бұқараны қараңғылық қапасынан алып шықсам деген арманның жетегіне ерген гуманист– Абай сөзді соған жетудің қуатты қаруы деп білген. Осы тұрғыдан алғанда өлең Абайдың «Сегізаяқ», «Білімдіден шыққансөз» сияқты шығармаларымен идеялас, үндес, тұғырлас. Ақын мұнда , айналасы теп-тегіс жұмыр келген сымбатты өлеңнің бойында оттай алаулаған қуаттың бұғып жатқанын, әттең, осынау құдіретті сөздің надан адамға қадірі әлі де жетпей отырғанын өкіне, ашына айтады. Ақын суреттеуіндегі өлеңкөк бұлттан үзіліп түскен найзағайдай өткір.
Қай жанрда жазылды?
Өлендегі әр шумақтың алғашқы 4 жолы 7, 8 буынды, шалыс ұйқасты өлең үлгісінде, бұдан кейінгі қос жол 6 буыннан қүралып, өзара ұйқасады. Әрқайсысы 6 тармақты 3 шумақтан тұрады.
Қай тілдерге аударылды?
Өлеңағылшын, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыртілдеріне аударылған.
Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге1 өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз –
Наданға қадірсіз.
Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым-жырт!
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.
1Уәзін (арабша) – өлшеуіш.