Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҚАРА ҚАТЫНҒА»

«ҚАРА ҚАТЫНҒА»

Абайдың әңгімешіл, ертегіші досы Баймағамбет Мырзаханұлының әйеліне ауызша шығарған өлеңі, көңілдері жарасқан, сыйлас, сырлас адамдардың зілсіз жеңіл әзілі.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында ауызша шығарылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет ақынның 1933 жылғы жинағында жарияланды. Туынды ешқандай текстологиялық өзгеріске ұшырамаған.

Өлең не жайында?

Ақынныңәңгімешіл,ертегішідосыБаймағамбет Мырзаханұлыайлап, апталап ел қыдырып жүретін, шаруаға қырсыздау, серілігі бар кісі болған. Ерінің осы мінезін ұнатпай, реніш білдірген. Баймағамбеттің әйелін әзілмен жұбатпақ болған. Ақын «қара қатынға»әзіл айта отырып, досының да жөнсіз «серілігін» кекетіп, әйелінің шариғатты бұзуы қиын жұмыс емес деп «қорқытады».

Қай жанрда жазылды?

Өлең10, 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, 4тармақты1 шумақ.

Қай тілдерге аударылды?

Өлеңорыс тілінеаударылған.

Қара қатын дегенге, қара қатын,

Үзіп-жұлып, алып жүр қанағатын.

Ала жаздай байың кеп бір жатпайды,

Қазақтың не қыласың шарағатын.