Абайдың шын адал достың жоқтығын айтып, өкінішті көңіл күйін шерткен өлеңі.
Қашан жазылды?
Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.
Қайда жарияланды?
Туындының түпнұсқасы 1905 жылы Санкт-Петербургтежарық көрген«Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі»атты жинақта жарияланды (1-бөлік. Халық туралы, 19-бет). Өлеңнің басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі.Мүрсейітқолжазбасында бар:«Бұйда тақ та мұрныңа,Бер деседі қолыма.Жарасар ма өзіңеИттің ерсең соңына», — деген 3-шумақ пен:«Жақсы досың бар болып,Жанды аяған жарамас.Оңбаған дос жар болып,Ұятыңа қарамас»,- деген соңғышумақбарлық басылымдарға енгізілмеген. Сондай-ақ жинақтарға 6-шумақтың алғашқы жолы 1909 жылғы басылым негізінде: «Сыйласарлық тектінің» болып алынған. Бұл жол Мүрсейіт қолжазбаларында «Сақтасарлық жақсының» делініп жазылған.
Өлең не жайында?
Туындыдаақынбиік адамгершілік талабының деңгейінен адалдықты, әділдікті, қайырымдылықты, дос пейілділікті жақтайды, өзімшілдікті, опасыздықты, өсек-өтірікті, қулық-сұмдықты сынға алады. Өлеңнен ақынның өз заманындағы қоғам тіршілігіне араласа жүріп, көңіліне қаяу түсірген келеңсіз жәйттерден түңіле мұңайған көңіл күйі сезіледі.
Қай жанрда жазылды?
Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен өрнектелген. Ойлы, орамды тілмен орайын келтіріп айтқан ұтқыр да ұшқыр жыр жолдары мақал-мәтел, нақыл сөз іспетті көңілге қонымды. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады.
Қай тілдерге аударылды?
Өлең қырғыз, орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар.
Жақсылығың күнде ұмыт,
Бір жаңылсаң, болды кек.
Пайдасынан бой суыт,
Өзі тимей жүрсе тек.
Пайда, мақтан өзінен,
Артыла ма ант ұрып?
Жарыса өсек сөзінен,
Айта берсін шарқ ұрып.
Кімге достық көп еттім,
Түбі болды бір кейіс.
Жақсы өмірім әуре1 еттің,
Жар таба алмай бір тегіс.
Жау қожаңдап бұртайып,
Дос құбылып, әуре етер.
Кімі тентек, кімде айып,
Тексере алмай өмір өтер.
Сыйласарлық тектінің,
Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімшіл ептінің,
Несін адам ұстасын?
1Әуара (парсыша) – қаңғыру, сергелдеңге салыну