Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ҒАШЫҚТЫҚ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ»

«ҒАШЫҚТЫҚ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ»

Абайдың ғашық жанның сыртқы құбылысын іштегі әртүрлі сезіну түйсіктерімен жымдастыра суреттеген махаббат лирикасындағы шоқтығы биік классикалық көркем туындыларының бірі.

Қашан жазылды?

Жүрек лүпілін, нәзік сезім ырғағын, жан тоқынысының психологиялық күйін иланымды, табиғи әсерлі қалыпта бейнелеген өлеңін Абай 1894 жылы 49 жасында жазған.

Қайда жазылды?

4 жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Өлеңді Абайдың әдеби хатшысы Мүрсейіт Бікеұлы (1860-1917) хатқа түсірген. Алғаш 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғлының өлеңі» атты жинақта жарияланды.

Өлең не жайында?

Махаббат құдыретіне, ғашықтық сезімінің асқақтығына бойлаған ақын сүйіспеншілік дертінің тылсым құдыреті, мұңды күйінен сыр шертеді. Ғашық жанның сыртқы құбылысын іштегі әртүрлі сезіну түйсіктерімен жымдастырады. Жүрек лүпілін, нәзік сезім ырғағын, жан тоқынысының психологиялық күйін иланымды жеткізеді, әсерлі бейнелейді. Ғашықтық дертіндегі іңкәр, ынтық жастардың бірін-бірі сүйіп ұнатуын табиғи қалыпта қабылдайды. Оған илану да иланбау да ғашық жандар еркінде деп біледі. Адамға тән шынайы ғашықтық сезім әлеміне, иман күшіне бойлатады. Психологиялық күйін, ішкі тебіренісін, жан тебіренісін жеткізеді. Жан жүрегімізді сүйіспеншіліктің шексіз де жұмбақ қасиетінің кіршіксіз қасиетіне бөлейді. Өз басында шымырлап бойға жайылған сәулелі сүйіспеншілік шуағын шын жүректен сезінгенін алайда осынау бусанған мөлдір сезімнің алыстағанын, қайта оралмайтын құдыретін ақындық мәдениет шыңында толғайды. Баянды махаббат, ынтық сезім күйіндегі адам жанының асыл қасиеттерін қастерлеу көркемдік шеберлікпен жырланады, сұлулық сезіміне еріксіз елітіп әкетеді.Адам бойындағы ғаламат сезім – ғашықтық сыр құпиясын терең толғайды. Сезім күйінің психологиясын тербейді. Сүйіспеншілік тылсымын түйсінуіндегі жан сырын бүкпесіз жеткізіп, ғашықтық сезімнің пайда болуынан бастап жоғалу табиғатын жүрек жарды сөзіне терең мағына дарытуымен жеткізеді [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.207]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен  таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Ғашық жанның ішкі толғанысына, сүйіспеншілігіне құралған өлең махаббат лирикасы жанрында жазылған. Әрқайсысы 2 тармақты 2 шумақтан тұрады, көлемі 8 жол. Өлең 8 буынды қара өлең ұйқасына құрылған.

Қай тілдерге аударылды?

Орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, татар, қырғыз, қарақалпақ, ұйғыр тілдеріне аударылған.

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан, мейлің күл.

Ол тілге едік оңтайлы

Қаріпсіз біліп сондайды.

Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек,

Енді ішіме қонбайды.