Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ТҰЛПАРДАН ТҰҒЫР ОЗБАС ШАБЫЛСА ДА»

«ТҰЛПАРДАН ТҰҒЫР ОЗБАС ШАБЫЛСА ДА»

Абайдың нақты оқиғадан өріс алған, ойды үдемелі образбен бейнелеген әлеуметтіклирикасы.

Қашан жазылды?

Абайдың 1889 жылы жазған өлеңі.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет ақынның1954жылы жарық көрген толық жинағында (1-том) жарияланды.

Өлең не жайында?

Шын дарынды дарынсыз күндеу, мықтыны пысық билеу-өмірде де, енерде де ежелден етек алған, жиі кездесетін құбылыс.Әдебиет пен өнерде әр қырынан айтылған бұл ойға Абай екі тұрғыдан келеді. Ол –жалпылықпенжалқылықбірлігі.«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,Оған да үкі, тұмар тағылса да»деп өмірдегі кері кеткен келеңсіз құбылысты жалпылық деңгейде типтендіріп береді, әрі ұлттық пішінде бейнелеп айтады. Соның негізінде өз басының («Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды») халін керген теперішті соны нақтылайды.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 11 буынды қара өлең үлгісінде жазылған. Әрқайсысы 4тармақты3шумақтантұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Туындықарақалпақ, орыс, ұйғыры тілдерге аударылған.

Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,

Оған да үкі, тұмар тағылса да.

Қыжыртпай мені сырттан жүре алмайды,

Кім желігіп, қай шеттен қағынса да.

Күшік ит бөрі ала ма жабылса да?

Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да.

Арсыз адам арсаңдап, арсылдайды,

Әр жерде-ақ керегеге таңылса да.

Құтырды көпті қойып азғанасы,

Арызшы орыс – олардың олжаласы.

Бірде оны жарылқап, бірде мұны,

Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы.