Ақынның кейбір қазақтың мінезіне кейістік таныта отырып, жазған өлеңі.
Қашан жазылды?
Ақынның бұл шығармасы 1897 жылы жазылған. Бұл өлең туралы Тұрағұл «Дала уалаяты» газетіне менің әкемді әкесіне ас бермеді деп жамандап, Кереку жағының біреуі: «Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі» деп жазған. Сондайлардың мінезіне айтқан, — дейді.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.
Қайда жарияланды?
Басылымдарында текстологиялық өзгерістер кездеспейді.
Өлең не жайында?
Ақын бешенесіне «соққы жеу» жазылған, «соры қалың» қазақтың құр мақтанмен, жауырды жаба тоқып, өзін-өзі алуан ғұмыр кешетініне, сүйектен өтер сөздің «құр дәрімен атқандай» дарымайтынына пұшайман болады.
Қай жанрда жазылды?
Өлең қара өлең үлгісінде жазылған.
Қай тілдерге аударылды?
Туынды ағылшын, түрікмен, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.
Соры қалың соққы жеген пышанамыз
Қайтіп суып, жалғаннан күсе аламыз.
Құр дәрімен атқанға өлмейді,
Өмірі мақтаншаққа нысанамыз.