Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«СЕН МЕНІ НЕ ЕТЕСІҢ?»

«СЕН МЕНІ НЕ ЕТЕСІҢ?»

Абайдың ғашықтық тақырыбына арналып жазылған, опасыз жардан түңіліп, зар шеккен жас жігіттің шерін шерткен өлеңі.

Қашан жазылды?

Абай бұл өлеңін 1889 жылы, 54 жасында жазған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Бұл өлең 1909 жылғы кітапта басылған (4-бөлік. Ғашықтық туралы. 43-бет). Өлең бірқатар текстологиялық өзгерістерге ұшыраған. Мүрсейіт қолжазбаларында,1939жылғы жинақта алғашқы шумақтың соңғы жолы «Өмір бойы қор өтесің» делінсе, қалған басылымдарда 1909жылғы жинақ негізінде бұл жол «Өмір бойы қор етесің»түрінде алынған. Мүрсейіттің1905жылғы қолжазбасында 2-шумақтың 7-жолы «Сен үздің ғой менің желкемді» болса, Мүрсейіттің1907,1910жылғы қолжазбаларында, барлық басылымдарда «Сен үздің ғой бұл желкемді» болып берілген. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында туынды көлемі 48 жол болса,1909ж. Санкт-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны ИбраҺим Қүнанбайұғылының елеңі» деген жинақта 52 жол болып берілген. Бұл айырмашылық ақын мұрасын жинаушылардың Абай поэзиясына тән жаңашылдықты, оның өлең өрнегін кестелеудегі өзіндік ерекшеліктерін жете тани қоймағандықтарын аңғартады. Абай шығармаларын анықтап, жүйелеу жұмыстарына осы тұрғыдан қараған абайтанушы ғалымдар бұл өленді ақынның 1933 жылғы жинағында 84 жол етіп толықтырды.

Өлең не жайында?

Өлеңді Абайдың көңіл-күй лирикасының қатарына жатқызсақ та, «Айттым сәлем, қалам қас…» пен «Қиыстырып мақтайсыз…» деп аталатын шығармаларынан өзгеше, бұл ғашық жанның ғазелмен айтатын мұң-зары, эпистолярлық туындылардың қазақ топырағындағы озық үлгісі. Ақын өзінің құбылмалы, қобалжулы көңіл-күйін, айтпақ ойын дәл жеткізетін соны да шебер түр тапқан. Әр сезіне ерекше мағына, салмақ салған ақын оны 14 жол сайын бір қайырып, керемет келісіммен үйлестірген.

Өлең осы топтағы шоқтығы биік, айтар ойында, көркемдік құрылымы да өзгеше, соны дүние. Бұл сүйген жарынан қапылыста адасып қалып, іш құса болған жанның қиналған, күйзелген сәттегі сан саққа жүгіріп, мың құбылған көңіл-күйі. Ол серттен тайған сүйіктісін опасыз деп қанша кінәласа да, жамандыққа, біржолата қол үзуге қимайды.Қанша қасірет шексе де «мен елейін, сен сау-ақ бол» деп, шын сүйген асықтың айнымайтынын, шегінісіп қайтпайтынын білдіреді. «Сені керсем, ләм-мим деп бір сез айтар халім жоқ» деп, бәрін махаббатына жеңдіріп, алдағы күнге үміт артады. Бұл сүйіктісінен айрылып қалса да, оны көңілінен өшіре алмайтын, қалаулысына өмір бақи сүйіп ететін, антына берік адамның сөзі, жан қалауы.

Қай жанрда жазылды?

Әрқайсысы 7 жолдан соң бір қайрылып отыратын 14 тармақты 6 шумақтан тұрады. Ақын бүл өлеңінде тұңғыш рет әр жолдың буын, ырғақ өлшемдерін де өзгерткен: кейбір жолдар 4-5 сөзден құралса, белгілі бір заңдылықпен, 4-, 6-жолдарда бір сөзден-ақ келіп отырады.

Өлең мазмұны ғана емес, түр жағынан да өзгеше, қазақ поэзиясында бұрын-соңды кездеспеген, әзірге табыла қоймаған жаңа үлгіде жазылған. Бұл Абай әкелген жаңа поэзияның соны ұйқасы. Одан Шығыс классиктері – НауаиСағдиФзулиХафиз үлгісі ғана емес, Еуропа, орыс поэзиясының, әсіресе М. Ю. Лермонтов лирикасының әсері айқын байқалады. Бұл өлеңнің құрылымдық түрін Абайдан соңғы қазақ ақындары да онша үлгі етіп, жалғастырып әкете алған жоқ.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең ағылшын, араб, белорус, орыс тілдеріне аударылған.

Сен мені не етесің?

Мені тастап,

Өнер бастап

Жайыңа

Және алдап,

Арбап,

Өз бетіңмен сен кетесің.

Неге әуре етесің?

Қосылыспай,

Басылыспай,

Байыңа

Және жаттан

Бай тап,

Өмір бойы қор етесің.

Ет жүрек өртенді,

От боп жанып,

Жалын шалып Ішіме.

Иттей қормын,

Зармын,

Сен үздің ғой бұл желкемді.

Кім білер ертеңді?

Өлім айтпас,

Келсе қайтпас

Кісіге.

Бүгінгі күн

Бармын,

Жолдас еттің сен бөтенді.

Ғашықтық – қиын жол.

Жетсең – жеттің.

Жетпей өттің,

Не болды?

Арманда өмір

Өтті,

Ойлар ма екен бір мені сол?

Салдырап аяқ-қол,

Жетпей сертке,

Ішім дертке

Тез толды.

Ажал уақыты

Жетті,

Мен өлейін, сен сау-ақ бол.

Шын жүрек – бір жүрек,

Қайта толқып,

Жолдан қорқып

Айнымас,

Шегінісіп

Қайтпас,

Өлсе бір сөзбен, не керек?

Білесің, сен зерек,

Мен пәндеңе,

Болды деме,

Кел, қарас.

Ешкім сөгіс

Айтпас,

Рахым қылсаң, кел ертерек!

Шын ғашық мен саған!

Кейіп жүрсем,

Сені көрсем,

Ләм-мим деп

Бір сөз айтар

Хал жоқ,

Еріп кетер бой сол заман.

Ойынды сен маған

Бір бөлмедің,

Тез келмедің,

Мені іздеп.

Ішіңде ыстық

Қан жоқ,

Тас бауыр жар, бол қош аман!

Жар, сенің көңілің тоқ,

Ақ етіңді,

Нұр бетіңді

Меншікті

Қылмаған соң

Алла,

Өзі сорлы етсе, амал жоқ.

Сен аттың жөнсіз оқ,

Тәңірі – қазы

Тас таразы,

Тентекті

Сұрамас деп

Қалма,

Серт бұзғанның, біл, орны – шоқ.