Абайдың зерделілікке, зеректікке шақыратын жұмбақ өлеңі.
Қашан жазылды?
Абайдың 1891 жылы жазған жұмбақ өлеңі.
Қайда жазылды?
Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.
Қайда жарияланды?
Ел аузынан жазылып алынып, алғаш рет ақынның1933жылы Қызылордадажарық көрген толық жинағында басылды. Туынды басылымдарында текстологиялық ешқандай өзгерістер кездеспейді.
Өлең не жайында?
Ақынжұмбағында жұртына аз да болса білім дарытып, халқын тіршілік үшін күреске үндейді, өмірді танытуға ықпал жасайды. Зерделілікке, зеректікке шақырады. «Адамзатқа мекен болған қара жерде жүз мың түрлі асыл бар» болса соның «ең артығы-темір» (алтын) дейді ақын.
Қай жанрда жазылды?
Шығарма 11 буынды қара өлең ұйқасымен (-а, -а, — б, -а)жазылған. 1 шумақтан тұрады, көлемі 4 жол.
Қай тілдерге аударылды?
Жұмбақ өлеңқарақалпақ,ұйғыртілдеріне аударылған.
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен?
Шешуі: темір.