Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ЖҰМБАҚ» («СЫНАЛАР, ЕЙ, ЖІГІТТЕР, КЕЛДІ КЕЗІҢ»)

«ЖҰМБАҚ» («СЫНАЛАР, ЕЙ, ЖІГІТТЕР, КЕЛДІ КЕЗІҢ»)

Абайдың кеудесінде сәулесі бар жастарды саналылыққа, талапқа, қажырлы ізденіске сол арқылы дүние сырын танып-білудегі өрелі тұлғалық қасиеттерге шыңдаған даналық ой-сана заңғарындағы өлеңі.

Қашан жазылды?

Рухани толысу мен сәулелі кемелділікке бастайтын философиялық ой қатпары терең «Жұмбақ» («Сыналар, ей, жігіттер, келді кезің») өлеңін Абай 1891 жылы 46 жасында жазған.

Қайда жазылды?

Төрт жолдан тұратын өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Ел аузынан жазып алынған өлең алғаш рет 1933 жылы Қызылорда қаласындағы «Қазақстан» баспасынан шыққан Абай шығармаларының толық жинағында жарияланды.

Өлең не жайында?

Абай көкірек кеудесі ояу саналы жас жеткінді зерделілікке, талапқа, ізденіске шақыруды ақындық әрі азаматтық міндеті деп білді. Зерделі жастың ой-өрісін кеңейтіп, алғырлығын ұштайтын құбылысты тұспалдауын білмекке құмарлықпен астасыра беруінің өзіндік мағынасы тереңде. Сол арқылы тән құмарын ғана күйттемей, жан құмарының талабында болуын зерлейді. Жан құмарының ойлы жастарды дүние сырын, өмір мәнін, тіршілік тылсымын терең байыптауға бастайтын қасиеттерін зердесіне тоқиды. Есті жасты оқуға, өнерге, ғылымға, кәсіпке жетелейтін құмарлық қасиетінің сарқылмас күшін санасына тоқып, жан әлемін сәулелендіре білді.

«Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің» деген жолдарда үлкен мән бар. Жатқа тізгін берген жұртының ертеңгі тағдырына жауап беретін жүрегінде оты, көкейінді ақылы бар жастардың санасын серпілтеді, намысын оятады, жігерін жаниды. Талапты ердің білігін таным таразысына салуымен рухтандырады.

Тән құмарына ерік бермей, жан құмарының жұмбағын шешудегі саналы өскіннің алға басып, рухани кемелденуін көздейді. Рухани толысқан кемел жанның еліне ақ адал еңбек етерін жеткізеді. Сырлы сөздің астарынан саналы жастың сындарлы ой түйеріне сенеді, рухани күш дарытады [Қараңыз: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы. – Т. 1: Өлеңдер мен аудармалар. 1995. – Б.176]. Бұл сілтемелерді басу арқылы оқырман арнайы тараудағы е-pub форматтағы осы ғылыми әдебиетпен, не түсініксіз болса, сөздің мағынасы жазылған материалмен таныса алады.

Қай жанрда жазылды?

Он бір буынды қара өлең ұйқасымен өрілген туынды философиялық лирика жанрында жазылған. Ақын ар ойлайтын жас өскіннің еліне пайдалы азамат болып қалыптасуын зердесіне тоқуда тың көркемдік тәсіл іздестіріп, қыр баласының жанына етене жақын жаназығы жұмбақ жанрын ұтымды қолданған.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде аударылған.

Сыналар, ей, жігіттер, келді жерің,

Сәулең болса, бермен кел талапты ерің.

Жан құмары дүниеде немене екен –

Соны білсең әрнені білгендерің.

Шешуі: білмекке құмарлық.