Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

ЖИДЕБАЙ ҚОРЫҒЫ

ЖИДЕБАЙ ҚОРЫҒЫ

«Жидебай қорығы» Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық, экологиялық аймақ.

1990 жылы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылды. Қорықтың жалпы аумағы 6, 400 га.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы №279 қаулысымен бекітілген Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.

Қорық құрамына Абайдың мұражай-үйі және келесідей тарихи-мәдени нысандар енген:

«Абай-Шәкәрім» мавзолей кешені

«ЗереҰлжан» кесенесі

«Абай-Шәкәрім» демалыс орны

Кеңгірбай кесенесі  

Ғабитхан молда, Шәукен бай зираттары

«Шәкәрімнің саят қорасы»  экспозициясы

«Абай-Шәкәрiм» мавзолей кешенi

(ескерткіштер тізімінде: «Абай бейіті» деп көрсетілген)

Мавзолей кешен тұжырымдамасының негізіне қазақтардың дүниетанымын толыққанды танытатын дәстүрлі космогониялық түсініктері алынған. Сондай-ақ тұтас кесене Сарыарқаның кең даласының төсiнде поэзия айдыныда баяу жүзiп бара жатқан Абай мен Шәкәрiмнiң қос желкендi кемесi сынды идеяны алға тартады.

Бұл кесененiң кеме сияқты жақсы көрiнiс беретiнi күн қатты ысыған кезде далада сағым көтерiледi. Көрген адамға осы сағымда алыстан теңiз толқығандай болып тұрған заматта, Абай-Шәкәрiм кесенесi сол сағым-теңiздiң үстiнде үлкен бiр ой құшағында қалықтап тұрған, ойдың алып кемесi сияқты әсер етедi.

Кесенелердің келбеті мұнара тәрізді, бір-бірінен пластикалық қасбетімен және күмбездерінің қалай біткендігімен ерекшеленеді.  Алыстан  қос мұнара   бiрдей сияқты көрiнгенмен, олардың биiктiгi де, аумағы да екi түрлi.

Абай мұнарасының биіктігі – 38,5 метр, ал Шәкәрім мұнарасының биіктігі – 37. Кесененiң iргетасының ұзындығы – 200 метр. Көлдеңiнен (енi) – 65 метр, биіктігі – 5м. Қабірлер арасы – 140 м.

Екi мұнараға да кiргiзетiн сәндi есiктер, мұсылман жұртының рәсiмiне  орай,  мәйiттiң аяқ жағынан шығарылған.

Дәлiзден өткен соң ұзынша кеңiстiкке тап боласыз, еденi, төбесi тегiс өңделген жылтыр таспен қапталған өтпелi жол.

Одан әрi  еденiне қара түстi габбро тас төсеген амфитеатр, жоғарыға көз салсаңыз  ашық аспан мен оған қарай өрлетiп он екi қатар дөңгелене қиылған тас баспалдақтар.

Амфитеатрдың төменгi шеңберiнiң өлшемi –10,5 метр, ал ең  үстiнгi ашық тұсында ол 32,5 метрге дейiн кеңейдi. Төменгiсi –рәсiмдер жасалатын сахна.

Бұл қазiр әлемде үлкендiгi жағынан бiрiншi орында тұрған алып космостық құрылыс. Өйткенi, жер бетiнде мұның ауқымындағы ескерткiш-зират жоқ екен.

Кешеннің құрылысы 1993 жылы басталған. Жоба авторлары – КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі Бек Ибраев жетекшілік еткен сәулетшілердің шығармашылық тобы.

«ШӘКӘРІМНІҢ САЯТ ҚОРАСЫ» ЭКСПОЗИЦИЯСЫ

Абайдың шәкірті, ойшыл ақын, жазушы, тарихшы, аудармашы, сазгер (композитор) және музыкант Шәкәрім Құдайбердіұлының «Саят қора» экспозициясы 2006 жылы 15 қарашада ашылды.

Шәкәрім «ойға оңаша жер керек» деп 1912 жылдың жазында Шыңғыс таулары бөктеріндегі «Кең қоныс» жайлауына қора салдырып, өмірінің соңына дейін осы жерде тұрған.

Қарт ақын талай толғау өлең-жырлары мен поэмаларын, зерттеу еңбектерін жазған.

Жергілікті және мемлекеттік маңызы бар тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне «Шәкәрім мұражайы 2006 жыл» деп көрсетілген.

Экспозиция материалдары Шәкәрім ақын өмірінің соңғы жылдарындағы (1912-1931) шығармашылығымен таныстырады.

Шәкәрімнің қажылық сапарын дәлелдейтін Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан табылған ақынның шетелдік құжат алуы, Меккеден келуі туралы деректер мұражайда тұңғыш көрсетілген.