Logotip_ministry_of_education_of_the_Kazakhstan 1-min

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

“Абай” интерактивтi кешенi

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің тапсырысымен әзірленді

«ДҮТБАЙҒА»

«ДҮТБАЙҒА»

Абайдың Тобықты ішінде Көкше руынан шыққан Дүтбай Уандықұлына (1850-1915) арнаған өлеңі.

Қашан жазылды?

Ақынның бұл шығармасы 1899 жылы жазылған.

Қайда жазылды?

Өлең Құнанбай қажы әулетінің ата қонысы, ұлы ақын өмірінің сәулелі сәттерінің мекені – Ақшоқы қыстауында жазылған.

Қайда жарияланды?

Алғаш рет 1933 жылы Қызылордада жарық көрген толық жинағыңда жарияланған. Өлең басылымдарыңда көп текстологиялық өзгерістер жоқ. Тек төртінші шумақтың алғашқы екі жолы ақынның 1961 жылғы толық жинағынан бастап Мүрсейіт қолжазбалары негізінде: «Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп» болып өзгертідді.

Өлең не жайында?

Ақын өз заманындағы айлакер де жемқор ел пысықтарының ортақ бейнесін жасаған. Дүтбай әуелі Абайдың қызы Гүлбаданды інісі Дүйсекеге алып береді де, Дүйсеке қайтыс болған соң Гүлбаданға өзі үйленеді. Гүлбаданнан Дүтбайдың: Мүкен, Мұхтар, Мүштар, Мәкен, Қадиша деген балалары туған. Дүтбай Мұқыр болысына бірнеше рет болыс болып сайланған. 1898 ж. Көшбике деген жерде өтетін Мұқыр сайлауыңда Абайдың күйеу баласы тағы да болыстыққа сайланып кетеді деп қауіптенген Бұғылы, Мұқыр болыстарының Оразбай АққұлұлыМұсажан ӘкімғожаұлыӘбен Бітімбайұлы сияқты байлары ақын өміріне қастандық ұйымдастырып, жанжал шығарып, сайлауды таратып жібереді. Дүтбай туралы Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық музейіңде сақталған мәліметтер ішіңде оның Абаймен сөз қақтығыстары да сақтаулы. Абай бұл өлеңіңде Дүтбайдың екі жүзді мінезін шенеп, парақорлығын өткір сынға алады.

Қай жанрда жазылды?

Өлең 7 буынды, шалыс ұйқаспен жазылған. Әрқайсысы 4 тармақты 6 шумақтан тұрады.

Қай тілдерге аударылды?

Өлең орыс тіліне аударылған.

Жылуы жоқ бойының,
Жылмиғаны неткені?
Құбылуы ойының –

Кетпей құйтың еткені.

Мұңды, жылмаң пішінін
Кезек киіп, ел жиып,
Болыс болса, түсінің
Түксігін салар тырсиып.

Бір көрмеге тәп-тәтті
Қазаны мен қалбаңы.
Дөң айналмай ант атты,
Бүксіп, бықсып ар жағы.

Сенен аяр түгі жоқ,
Бүгін сыйлас көрініп,
Бүгін жалын, ертең шоқ,
Сөзі мен өзі бөлініп.

Әлі үміт, әлі серт,
Жын сықылды бұзылып.
Қулық емес, бұл – бір дерт,
Тұрлауы жоқ құбылып.